Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 08/06/2018 - 16:57
    Қызылорда облысында оазистік суару бойынша инновациялық «Жасыл» жоба таныстырылды
    Мазмұны:

    Бұл жоба су және энергиямен қамту шығындарын 29 млн. теңгеге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық жобасын таныстыру және іске қосу ресми салтанаты өтті. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі, БҰҰ ДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура мырза, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдің Сенімді өкілі Золтан Салаи мырза және Германияның Қазақстандағы Елшілігінің Сенімді өкілі Джонатан Вайнберг мырза қатысты.  

    Бұл жоба ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК «Жасыл экономика моделіне өту үшін Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жобасы шеңберінде іске асырылады. Еуропалық Одақ тарапынан толық қаржыландырылатын, құны 7,1 миллион еуроны құрайтын бұл жоба заманауи жасыл технологияларды қолдану сортаңданған жерлерді ауылшаруашылық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 9 озық «жасыл» технологияны қолдану «Манақ баба» фермерлік қожалығын таза су мен электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашады.

    Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы уақытта жаһанды күтіп тұрған 5 сын-тегеуріндердің базалық ресурстардың, оның ішінде ауыз су мен суармалы судың тапшылығына баса назар аударғанын атап өтті.

    «Су ресурстарын пайдалануда біз су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстарды атқарудамыз. Мысалы, соңғы үш жылда Сырдария өзенінде екі үрлемелі су тоспасы салынды. Нәтижесінде су аз жылдардың өзінде, жалпы аумағы  60 мың гектардан асатын Жаңақорған және Шиелі аудандарының егіс алқабын тұрақты суландыруға және 1,5 млрд. текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік алдық. Бұдан бөлек, 2018 жылдан бастап 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймаларын салуды жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту арқасында суды 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік алатын боламыз. Ал оазистік суару технологиясын енгізу мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытып, жаңа кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.

    Өз кезегінде, Норимаса Шимомура жаңа технологияларды және тәсілдерді енгізу әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің әлеуетін арттырудың көрнекі мысалы болып табылатынын атап өтті.

    «Біз Қазақстанды болашақ дамуда өте маңызды стратегиялық серіктес деп санаймыз және соны мойындаймыз. Өңірлердегі жұмыс біздің стратегиямыздың басты элементі болып табылады. Біздің жоспарымыз – өңірлермен, соның ішінде Қызылорда облысымен әртүрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеу. ЕО қаржылық қолдауымен іске асырылған бұл жоба жасыл экономика саласындағы жұмыстарды іске асырудың табысты мысалы болып табылады», - деді Золтан Салаи.

    Жоба шеңберінде күн сәулелік және жел электрстанциясынан тұратын, күн сәулесін және жел массаларының қозғалысын электр энергиясына түрлендліретін гибридті құрылғы орнатылды. Бұдан кейін алынған энергия тұрмыстық тұтынуға және фермерлік қажеттіліктерге пайдаланылады. Арнайы сорғыш шаруа қожалығының аумағында орналасқан ұңғымадан суды үлкен көлемді ыдысқа, тәуліктік реттеу бассейніне тартады. Бассейннен су тармақтың көмегімен шаруа қожалығы бойынша су құбырларымен біркелкі үлестіріледі. Осмотикалық құрылғымен қайта тазартылатын су ауыз сумен қамтамасыз ету, малға су беру, сондай-ақ плантацияларды суару үшін пайдаланылады.

    Жобаның нәтижесінде шамамен 5 гектар сортаңданған жер қалпына келтірілді, оның ішінде 3 га – алма бағы, ал қалған бөлігі көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Бизнестің осындай түрінің табыстылығы 7% құрайды, бұл кезекте, өтелімділік мерзімі 5 жылды құрайды.

    Осындай шағын ауыл шаруашылық бизнесті Сыр өңірінде жасыл технологияларды пайдаланумен дамыту су және энергия тұтынуға жұмсалатын шығыстарды 29 млн. теңгеге дейін үнемдеуді қамтамасыз ете алады. Жобаның арқасында қаражатты үнемдеумен қатар, ауаға шығарылатын СО2 зиянды заттарды төмендету жылына 300 тоннаға дейін жетеді.

    Жалпы алғанда, 37 мыңға жуық адам жобадан пайда алады.

  • Дата публикации: 19/05/2018 - 10:11
    Қызылорда облысында малшылар слеті өтті
    Мазмұны:

    11-12 мамыр күндері Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында IV облыстық малшылар слеті өтті.

    Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

    Слет аясында жергілікті тауар өндірушілер өнімдері, ветеринарлық техника мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша семинар өтті.

    Слетке қатысушылар ауданда орналасқан «Орда Агротехнология» және «Бекарыс Агрофуд» репродукциялық шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Шаруашылықтар «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп, ет бағытындағы 150 бас «Санта Гертруда» тұқымды және 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал сатып алып, селекциялық жұмыс жүргізіп жатыр.

    Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала екендігін атап өтті.

  • Дата публикации: 13/04/2018 - 10:57
    Облыста ауыл шаруашылығы саласының 1 тоқсанның қорытындысы бойынша брифинг өтті
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың ауыл шаруашылығы саласының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты.

    Облыстың аграрлық секторын мемлекеттік қолдауға 9,8 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артты.

    Ауыл шаруашылығының өндірілген өнім көлемі 5,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артты

    Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 6,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 114% құрады.

    Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша

    2018 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 177,1 мың гектарға егiс егу жоспарланған.

    Оның ішінде дәндi дақылдар 88,0 мың, майлы дақылдар 10,6 мың, мал азықтық дақылдар 60,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 81,0 мың гектар.

    2018 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі  54,4 мың тонна, гербицидтер 56,9 мың литрді құрайды.

    Облысқа көктемгі егін егу және күзгі дала жұмыстарына бөлінген 14 мың тонна дизель отынының қазіргі таңда наурыз айына бөлінген  4900 тонна дизель отынына толығымен қаржы аударылды.

    Бүгінгі күнге көктемгі егін егу  жұмыстарына 1655 трактор 100%, 450 соқа 100%, 222 тұқым сепкіш 100%, 359  автомашина 100%,  830 трактор тіркемесі 100% жөндеуден өтті.

    Мал шаруашылығы

    Облыс бойынша 2018 жылдың 1 наурызына 313,3 мың бас мүйізді ірі қара, 591,2 мың бас қой мен ешкі, 119,0 мың бас жылқы, 42,8 мың бас түйе,    2,2 мың бас шошқа және 111,2 мың бас құс өсірілуде. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,2%-ға, жылқы 7,9%-ға, түйенің саны 9,7%-ға, құстың саны 26,8%-ға көбейсе, қой мен ешкінің басы 0,8%-ға, шошқаның саны 6,1%-ға кеміген.

    Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 5479,6 тонна ет (тірі салмақта), 10563,6 тонна сүт, 732,7 мың дана жұмыртқа өндірілді.

    2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 4,3%-ға, сүт 1,4%-ға, жұмыртқа өндіру 64,8%-ға өсті.

    Кооперация

    2018 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша барлығы 2492 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 95 кооперативтер құрылды. Оның ішінде 2018 жылы 112 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 8 кооперативтер құрылды. 2017 жылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша 42 кооперативтерге 3,4 млрд.теңге қаржы берілді. Нәтижесінде 1230 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

    Сонымен қатар, 2018 жылы кооперативтер 197 тонна ет, 90 тонна сүт өнімдерін өндірді.

    Экспорт

    2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының экспорты 100,5 мың тоннаны құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 27,6 мың тоннаға немесе  37,9%-ға  артып отыр.

    Оның ішінде, күріш көлемі 95,2 мың тоннаны, балық 3,1 мың тоннаны, 0,03 мың тонна тірілей қозы және 2,2 мың тонна бақша, көкөніс өнімдері. Күріш экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 26,7 мың тоннаға немесе 39%-ға артты.

    Инвестициялық жобалар

    Облыстың АӨК дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд. теңге көлеміндегі 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

    Оның ішінде 2018 жылы экспортқа бағытталған инвестициялық құны  7,1 млрд. теңгенің 10 іргелі жобаларын іске асыру жоспарлануда.

  • Дата публикации: 19/03/2018 - 15:54
    Ауыл шаруашылығы Вице-министрі облысымыздың ірі шаруа қожалық басшыларымен кездесті
    Мазмұны:

    Облысқа іс сапартмен ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е. Нысанбаев және Су ресурстары комитетінің төрағасы  И. Әбішев келіп, шаруалардың күріш өсіру саласындағы, өзге де ауыл шаруашылығы саласының дамуы жөнінде  пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

  • Дата публикации: 15/03/2018 - 09:57
    Аудандарда тыңайтқыштар құнын субсидиялау бойынша оқу семинарлары өткізілді
    Мазмұны:

    Тыңайтқыштар құнын субсидиялаудың электронды жүйесіне көшуіне байланысты түсіндірме жұмыстары бойынша  оқыту семинары барлық аудандарда өткізілді. Жиналысқа шаруашылық басшыларымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, халыққа қызмет көрсету орталығы мен кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері қатысты.Жиналыста субсидиялауға қалай өтінім тапсыру және жеке кабинеттерді қалай ашу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  • Дата публикации: 14/03/2018 - 17:36
    Басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізілді
    Мазмұны:

             «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы дәріскерлерінің қатысуымен «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне құқықтық оқытулар жүргізілді.

             Құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Бюджет кодексіне» енгізілген өзгерістер бойынша баяндамалар жасалды.

          Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жұмыстары шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды басқарманың барлық қызметкерлерімен орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  • Дата публикации: 13/12/2017 - 18:26
    Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқу жиналысы өтті
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың 11 желтоқсанында ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту  мақсатында құқықтық оқу жиналысы өткізілді.

    Жиналыс барысында басқарманың құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Ж. Кенжеғұлов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде баяндама оқыды.

    Сонымен қатар, Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

  • Дата публикации: 16/11/2017 - 16:13
    ІX «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы аясында  «Қазақстан-Иран ынтымақтастығы» секциясы жұмыс жасады
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасында ІX-ші инвестициялық Форумда  Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дамирчилу Моджтаба, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Рубликасындағы Елшісі Оңалбаев Оңталап, сондай-ақ Мазандаран және Гүлістан провинциясының сауда және өнеркәсіп палатасының өкілдері қатысты.

    Облыс әкімінің үстіміздегі жылдың қазан айында Иран Ислам Республикасында іссапары кезіндегі келісімдерге сәйкес ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында Ирандық бір топ іскер өкілдер форумның «Қазақ-Иран ынтымақтастығы» секциясы жұмысына келіп қатысты.

    Иран Ислам Республикасында жасалған келісімдерге сәйкес «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-мен облыстың тұрақтандыру қорына Ираннан 1,0 мың тонна картоп, көкөніс алатын болып келісілді.

    Сонымен бірге, балық шаруашылығы, ет өңдеу салалары бойынша келісімдер жасалған.

    «Қазақ-Иран ынтымақтастығы» секциясы аясында «Ақтөбе и К» ЖШС-гі мен «SABZ MAHSOOL DATIS» компаниясымен «Тыңайтқыш өндіру ынтымақтастығы» меморандумына қол қойылды.

    Иран Ислам Республикасындағы сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын өндіру қолға алынды. 2017 жылы «Ақтөбе и К» ЖШС-гі осы «Торем Хошеми» сортын  70 гектарға екті және «Сыр маржаны» ЖШС-де жақсы өнім берген сортты тесттен өткізу үшін 1 гектарға егілді. Биыл Иранға 60 тонна Торем Хошеми сортын экспорттау жоспарлануда.

    Сонымен қатар, 2020 жылға қарай ирандық күріш сорттарының егіс көлемін 5,0 мың гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8,0 мың тонна ақ күріш өткізу жоспарлануда.

    Бұған қоса, Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясымен жасалған келісімдерге сәйкес, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі алғашқы  812 бас қозыны (тірілей салмағы 26,5 тонна) экспортқа шығарды.

  • Дата публикации: 30/10/2017 - 19:54
    Барлық аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне оқу-семинар болып өтті
    Мазмұны:

    Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі - АШК) ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен салық салу, бухгалтерлік есепке алу, сондай-ақ АШК аудит мәселелері бағыттары бойынша салалық және аймақтық ерекшеліктерді, өңірлердін АШК туралы заңдар нормаларын ескере отырып қаржы-шаруашылық қызметінің әкімшілендіру оқыту өткізу туралы шешім қабылданды.

    Осылай, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы және барлық аудандарда ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап 3 қарашаға дейін семинар-оқыту өткізу жоспарланған болатын. Министрлікпен семинарларды жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. 

    Қазіргі таңда, семинар - оқытулар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған және Жалағаш аудандарында өткізілді. Семинарға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, кәсіпкерлік бөлемдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандары, салық комитеті, әділет басқарма басшылары, кооперативтер төрағалары және мүшелері қатысты. Семинар-оқытуға қатысқандарға кооперативтің тиімділігі туралы, арнайы салық режиміне өтуді, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру бойынша толыққанды ақпараттандырылды..

    Сонымен қатар, АШК-не көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар және субсидиялау қағидалары түсіндірілді.

    Нәтижесінде кооператив төрағалары мен мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарға тиісті жауаптарын алып, толыққанды түсінгенін және кооперативтің жұмыстарын бір жөнге қойып жұмыс жасайтындарын білдірді.

  • Дата публикации: 30/10/2017 - 12:49
    Облыс әкімі ауылшаруашылығы саласының еңбек ардагерлерімен кездесті
    Мазмұны:

    Өңіріміздің тарихында алғаш рет астық көлемі жарты миллионнан астам тоннаны құрады. Орташа есеппен күріштің әр гектарынан 55,3 центнерден астық жиналды. 

    «Алтын дән-2017» салтанатты шарасы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауылшаруашылығы саласының еңбек ардагерлерімен кездесті. 

    Облыс әкімі ардагерлерге аграрлық сала жетістіктері туралы айтты. Мысалы, агроөнеркәсіптік кешенді және экспорт үлесін ұлғайту перспективалық дамыту бойынша жүзге жуық жоба іріктеліп алынды. Олар іске қосылғанда екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

    «Өткен аптаның аяғында  мен облыстың делегациясын басқарып арнайы Иран Ислам Республикасының Мазандаран және Гүлістан провинцияларына іс-сапармен барып, ирандық кәсіпкерлерімен ирандық күріш сорттарын облыста өндіруді қаржыландыру және өндірген өнімді түгел Иранға экспорттау жөнінде ұзақ мерзімді келісімге келдік. Биыл күріштің алғашқы 60 тоннасын Иранға экспортқа жіберетін болсақ, болашақта ирандық күрішті 5 мың гектарға егіп, кем дегенде 10 мың тонна күріш экспорттау жоспарланып отыр. Келешекте ирандықтар 1 млн. тоннаға дейін күрішті Қызылорда облысынан алуға мүдделі екендіктерін мәлімдеді», - деді облыс әкімі.

    Айта кетейік, 2017 жылдың 1 жартыжылдығында ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 48,3 пайызға өсті, ал күріштің экспорты 53 пайызға артты. Ресейлік компаниялар шамамен 6 мың тонна көкөніс және бақша дақылдарын сатып алды. Сонымен қатар, 1944 бас қой Иран Ислам Республикасына және БАӘ жіберілді. 

    Өз кезегінде, ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, өңірдегі оң өзгерістерге ризашылықтарын жеткізді. 

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика