Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Хабарландыру

             Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы  №6-3/597  «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге  су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен субсидия алу үшін өтінімдерді  22 қарашаға дейін  қабылдайтындығын хабарлайды.

Байланыс телефоны: 60-54-42

Қызылорда облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға» өтінімдер қабылдау басталды

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №48 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Субсидиялауға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін   24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.

Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың   1 шілдесіне дейін қабылданады және қаралады.

2017 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қабылданады және қаралады. Жыл бойында комиссия отырысында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өтініштері басым тәртіппен қаралады.

Субсидиялауды жүзеге асыру үшін инвестор (ауыл шаруашылығы субъектісі) Қағиданың 18 тармағына сәйкес мынадай құжаттарды қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға тапсырады:

1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім);

2) заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама немесе жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат.

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.

3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

4) жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асырған жағдайда, инвестордың осы Қағидаларға сәйкес субсидия алу ниеті туралы қаржы институтына жіберген хабарламасының көшірмесі.

Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алу жүзеге асырылған болса, инвестор осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды да ұсынады.

19. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және инвестициялық жоба объектісін пайдалануға беру немесе техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестор Мемлекеттік корпорацияға комиссия екінші кезеңде қарауы үшін мынадай растайтын және құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады:

1) инвестициялық жобаның объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру кезінде);

 2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтарды сатып алу кезінде);

3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың, төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;

6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;

7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30%-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттар) ұсынады. Қуаттылықтардың жүктемесін растау үшін, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінімді ұсынған сәтінің алдындағы 3 ай немесе тоқсан үшін инвестордың статистикалық есебі негізінде құрастырылған өндірістік дайындалатын жүктемесіне қол жеткізу туралы жұмыс органы мониторингінің актісі жасалады.

Инвестициялық субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен  zan.gov.kz  сайтынан танысуға, қосымша ақпараттармен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-50 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі,

сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталды

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 15 наурызынан бастап кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қарыз шарттарын субсидиялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1) қарыз шарттары cубсидиялауға теңгемен жылдық 19 (он тоғыз) %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;

2) нысаналы мақсаты - айналым қаражаттарын толықтыру;

3) қарыздың қолданылу мерзімі 12 айдан аспайтын;

4) сыйақы мөлшерлемесі басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбаған;

5) қарыздың қаржыландыру көзі бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болмаған;

6) қарыз алушы қаржы институтына жүгінген күнге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаған.

Субсидиялауды жүзеге асыру үшін қаржы институты немесе қарыз алушы жұмыс органына беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш;

2) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі;

3) қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/ немесе субсидияланбайтын бөлігіндегі есептемелері қоса берілген жаңартылған өтеу кестенің жобасы;

4) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын растайтын құжат;

5) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуы туралы қызмет көрсетуші банктің келісім хаты (қарыз алушы Өтініш берген кезде).

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылдың  01 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен www.agro.e-kyzylorda.gov.kz электрондық мекенжайында жарияланған тиісті Қағидалардан танысуға, сонымен қатар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-49 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру,

сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау тоқтатылды

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған  «Агробизнес-2020»  бағдарламасын іске асыру аясында «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілгендіктен құжат қабылдау тоқталығандығы туралы хабарлайды.

Қосымша ақпараттарды Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан 8 (7242) 60-54-49 нөмірі арқылы білуге болады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аккредиттелген дайындаушы ұйымдардың тізбесі

Дайындаушы

ұйымдардың атауы

Орналасқан

мекен-жайы

Интернет-ресурсына жарияланған

 күні

1

«Жетікөл» АӨК кооперативі

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылы, А. Исабекова №7

07.06.2018

Қызылорда облысы бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығын пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актісі

жүктеу...3,46 МБ

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі,

сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталды

     Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған  «Агробизнес-2020»  бағдарламасын іске асыру аясында кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды.

         Субсидиялауға теңгемен жылдық 14%-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10%-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі, теңгемен жылдық 19%-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10%-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 2015 жылдың 1 шілдеден бастап жасалған қарыз шарттары жіберіледі.

       Нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алу, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алуға және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малын, техникасын және технологиялық жабдықты лизингке сатып алуға бағытталған қарыз қаражатттарын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу болып табылады.

       Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға қатысу үшін тілек білдірушілер екінші деңгейлі банктерге, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктерге өтініш бере алады. 

     Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2016 жылдың 23 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

     Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен www.agro.e-kyzylorda.gov.kz электрондық мекенжайында жарияланған тиісті Қағиадалардан танысуға, сонымен қатар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-49 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

Тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнымен сатып алған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі субсидияларды төлеу туралы мақұлданған өтінімдер тізімі

1.  Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»;

2.  Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары;

3.  Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары;

4. Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары;

6. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары;

7. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары;

8. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары;

9. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары;

10. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары;

Құрылған күні: 02-03-2016 11:04
Жаңартылған күні: 07-06-2018 16:28

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика