Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырылуы бойынша анықтамасы

2016 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің № 919 қаулысымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған.

Аталған бағдарлама бойынша үстіміздегі жылға Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде облысқа 1 810,9 млн. теңге несие қаражаты қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында ҚР Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерімен және облыс әкімдігі арасында 1 810,9 млн. теңге қаражатына үш жақты кредиттік шарт жасалып, 29 наурызда жергілікті атқарушы органның шотына аударылды.

2018 жылдың 12 наурызындағы № 1068 қаулыға сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ микрокредиттеу субъектісі ретінде анықтап, келесі мөлшерде бюджеттік несие қаржысына бөлініс жасады:

1) «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ – на 810,9 млн. теңге

2) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 1000,0 млн. теңге.

Бүгінгі күні бюджеттік жоғарыда көрсетілген несие қаражаттарына кредиттік шарт жасалып микрокредиттеу субъектілерінің шоттарына аударылды.

2017 жылы «Бастау Бизнес» оқу жобасы бойынша облысымызда 937 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған, оның ішінен 358 адам ғана несиеге қол жеткізген болса, несиеге қол жеткізбегені 579.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылы облыста 1600 адамды оқыту жоспарланған. Осыған орай облысқа бөлінген 1 810,9 млн. тенге қаражаттың жеткіліксіздігін ескере отырып, облысқа қосымша 1 400 млн. теңге қаражат бөлу жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша бюджеттік өтінім жолданды.

Бұдан бөлек бағдарлама бойынша қалалардағы және ауылдағы микрокредиттер беру барысында жергілікті бюджеттен «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепілдік беруге 184,9 млн. теңге қаржы және микроқаржылық үйымдардың операциялық шығындарын субсидиялауға 27,2 млн. теңге қаржы қаралған.

 «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

2018 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 232 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 216,5 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 386 маманға 1405,8 млн. теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап игеріледі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

2016 жылғы 29 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (далее –Программа) бойынша облысымызға 2017 жылы Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде 1 765 000 мың. теңге несие қаражаттары бөлініп,  ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысына сәйкес несие қаражатының бөлінісі төмендегідей болып белгіленді.

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ (бұдан әрі- «АШҚҚҚ» АҚ) арқылы 1 039 678,4 мың теңге;

- «Аграрлық несие корпорация» АҚ (бұдан әрі-«АНК» АҚ)  725 321, 5 мың теңге.

Бағдарламаға бөлінген қаржылар 2017 жылдың сәуір айында толықтай «АШҚҚҚ» АҚ және «АНК» АҚ-на аударылды, сонымен қатар бағдарламаның ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген өңірлік мамандандыру картасы әзірленіп өкілетті өңірлік ұйымдарға жіберілді.

 «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 303 бағдарлама қатысушыларына 1 039 678,4 мың теңге несие қаражаты берілді.

«АНК» АҚ-ы арқылы 130 бағдарлама қатысушыларына  725 321,5 мың теңге несие қаражаты берілді.

Бағдарлама бойынша бөлінген 1 765 000,0 мың теңге қаржы толығымен (100 %) игеріліп, 556 жаңа жұмыс орны ашылуына себеп болды.

Сонымен қатар 2017 жылы 24 қазандағы облыстық мәслихат сессиясының шешімімен жергілікті бюджеттен қосымша шағын несие беруге 320,7 млн. теңге қаржы бөлініп,  бұл қаржы «АШҚҚҚ» АҚ-на аударылды.

Бағдарлама бойынша қалалардағы және ауылдағы микрокредиттер беру барысында жергілікті бюджеттен «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепілдік беруге 184 957 мың теңге қаржы бөлініп, оның 20 699,2 мың теңгесі кепілдендіруге берілсе, қалған 164 256,8 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға  27 213 мың теңге қаржы бөлініп, облыс әкімінің шешімі негізінде субсидиялау жөніндегі комиссия құрылды.

2017 жылдың 6 қарашасында субсидиялау жөніндегі комиссия отырысының шешімімен «Қызылорда" ӨИО» МҚҰ» ЖШС-нің операциялық шығындарын субсидиялауға 50,0 млн. теңге берілді.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2017 жылы ауылдық елді мекендерге барып тұруға және жұмысқа орналасқан білімі, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет және агроөнеркәсіп кешенінің   199 маманына  бір жолғы көтерме жәрдем ақы беру үшін 235,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

        Сонымен қатар, 537 маманға жеңілдетілген несие қаржысын беруге 1827,7 млн. теңге, көлемінде қаржы бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап игерілді.

        Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына 200 маманға  31,8 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы - 115, денсаулық сақтау саласы - 54, мәдениет саласы - 10, спорт саласы – 12, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 2, агроөнеркәсіп кешен саласы - 7.

        Сондай-ақ, 559 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1824,2 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы – 329, денсаулық сақтау саласы – 175, мәдениет саласы – 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 5, спорт саласы – 19, агроөнеркәсіп кешен саласы – 11.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша ағымдағы жылдың 3 – тоқсанына орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

2016 жылғы 29 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша облысымызға үстіміздегі жылы Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде 1 765 000 мың. теңге несие қаражаттары бөлініп,  ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысына сәйкес несие қаражатының бөлінісі төмендегідей болып белгіленді.

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ (бұдан әрі- «АШҚҚҚ» АҚ) арқылы 1 039 678,4 мың теңге;

- «Аграрлық несие корпорация» АҚ (бұдан әрі-«АНК» АҚ)  725 321, 5 мың теңге.

Бұдан бөлек бағдарлама бойынша қалалардағы және ауылдағы микрокредиттер беру барысында жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттен «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепілдік беруге 184 957 млн. теңге қаржы және «АНК» АҚ арқылы МҚҰ-дардың операциялық шығындарын субсидиялауға  27 213 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс әкімінің шешімі негізінде субсидиялау жөніндегі комиссия құрылды.

Бағдарламаға бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айында толықтай «АШҚҚҚ» АҚ және «АНК» АҚ-на аударылды, сонымен қатар бағдарламаның ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген өңірлік мамандандыру картасы әзірленіп өкілетті өңірлік ұйымдарға жіберілді.

Осы өкілетті өңірлік ұйымдар тарапынан бағдарлама қатысушыларының өтінімдерін қабылдау және несие беру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 303 бағдарлама қатысушыларына 1 039 678,4 мың теңге несие қаражаты беріліп, «АШҚҚҚ» АҚ-на бөлінген жалпы  қаражаттың 100% игерілді.

«АНК» АҚ-ның серіктестері мен Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 119 бағдарлама қатысушыларына  619 921,6 мың теңге несие қаражаты беріліп,220 адам жаңа жұмыс орынымен қамтылды.

Жалпы жыл басында «АНК» АҚ-на бөлінген 725 321,5 мың теңге қаражатының 85,5 % игерілген.

Қорыта келе облысқа нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда несие беруге Республикалық бюджеттен нысаналы трансферт ретінде бөлінген 1 765 000,0 мың теңге қаржысының 1 659 600,0 мың теңгесі (94,1%) игерілді.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2017 жылы ауылдық елді мекендерге барып тұруға және жұмысқа орналасқан білімі, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет және агроөнеркәсіп кешенінің  199 маманына  бір жолғы көтерме жәрдем ақы беру үшін 235,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

        Сонымен қатар, 537 маманға жеңілдетілген несие қаржысын беруге 1827,7 млн. теңге, көлемінде қаржы бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап игерілді.

        Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанға 198 маманға  31,4 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы - 114, денсаулық сақтау саласы - 53, мәдениет саласы - 10, спорт саласы – 12, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 2, агроөнеркәсіп кешен саласы - 7.

        Сондай-ақ, 535 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1753,6 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы – 325, денсаулық сақтау саласы – 155, мәдениет саласы – 19, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 5, спорт саласы – 20, агроөнеркәсіп кешен саласы – 11.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша ү.ж. 2 – тоқсанына орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

          2016 жылғы 29 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылға облысқа Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер ретінде 1 765,0 млн. теңге несие қаражаттары бөлінді.

          Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлінісіне сәйкес 1 765 млн. теңге қаражатының бөлінісі төмендегідей:

          - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ (бұдан әрі- «АШҚҚҚ» АҚ) арқылы 59 пайыз көлемде 1039 млн. теңге,

          - «Аграрлық несие корпорация» АҚ (бұдан әрі-«АНК» АҚ) 41 пайыз 725 млн. теңге болып белгіленді.

        Бұдан бөлек бағдарлама бойынша қалалардағы және ауылдағы микрокредиттер беру барысында жергілікті атқарушы органдарға  жергілікті бюджеттен «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепілдік беруге 184,9 млн. теңге қаржы және «АНК» АҚ арқылы МҚҰ-дардың операциялық шығындарын субсидиялауға 27,1 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс әкімі шешімі негізінде субсидиялау жөніндегі комиссия құрылды.

       Бағдарламаға бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айында толықтай «АШҚҚҚ» АҚ және «АНК» АҚ-на аударылды, ауыл шаруашылығы министрлігімен бағдарламаның ережесіне сәйкес келісілген өңірлік мамандандыру картасы әзірленіп өкілетті өңірлік ұйымдарға жіберілді.

       Осы өкілетті өңірлік ұйымдар тарапынан бағдарлама қатысушыларының өтінімдерін қабылдау және несие беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні «АШҚҚҚ»АҚ-на 99 бағдарлама қатысушылары тарапынан   342 600,0 мың теңге несие қаражатын алуға және мал шаруашылығымен айналысуға өтінім беріліп отыр, оның ішінен 84 500,0 мың теңге құрайтын 20 өтінім қаралуда сонымен қатар, 258 100,0 мың теңге құрайтын 79 өтінім мақұлданып, 45 бағдарлама қатысушыларына 150 800,0 мың теңге қаржы беріліп, «АШҚҚҚ» АҚ-на бөлінген жалпы сомманың 14,5% игерілген.

        «АНК» АҚ-ның серіктестеріне  52 соңғы несие алушылары тарапынан 381 525,0 мың теңге несие қаражатын алуға және мал шаруашылығымен айналысуға өтінім беріліп отыр, оның ішінен 145 300,0 мың теңгені құрайтын 18 бағдарлама қатысушысына несие беру мақұлданған және қазыргі уақытта 35 100 мың теңге несие қаражаты 5 бағдарлама қатысушысына беріліп,жалпы «АНК» АҚ-на бөлінген сомманың 4,8% игерілген.

        Қорыта келе нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына Республикалық бюджеттен нысаналы трансферт ретінде бөлінген жалпы 1 765 000,0 мың теңге қаржысының 185 900,0 мың теңгесі (10,5%) игерілген.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2017 жылы ауылдық елді мекендерге барып тұруға және жұмысқа орналасқан білімі, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет және агроөнеркәсіп кешенінің  199 маманына  бір жолғы көтерме жәрдем ақы беру үшін 235,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

        Сонымен қатар, 537 маманға жеңілдетілген несие қаржысын беруге 1827,7 млн. теңге, көлемінде қаржы бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап игерілді.

        Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 182 маманға  28,9 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы - 100, денсаулық сақтау саласы - 51, мәдениет саласы - 10, спорт саласы – 12, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 2, агроөнеркәсіп кешен саласы - 7.

        Сондай-ақ, 348 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1 122,3 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы – 215, денсаулық сақтау саласы – 99, мәдениет саласы – 12, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 15, агроөнеркәсіп кешен саласы – 5.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша ү.ж. 1 – тоқсанына орындалуы туралы

АНЫҚТАМА

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру үшін жоспарға сәйкес биылғы жылға республикалық бюджеттен 1 765 000 мың теңге несие беру қарастырылған, бағдарламаның ережесіне сәйкес ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында үш жақты кредиттік шартқа қол қойылу жұмыстары жүргізілуде.

         Аталған бағдарламаға сәйкес, бағдарлама қатысушысы ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібін жасау үшін 8000 АЕК дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайызбен, 7 жылға дейін несие ала алады.

         Сонымен қатар, бағдарламаның аясында Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру мақсатында облыстық бюджеттен 184 957 млн. теңге бөлініп, «Қаз Агро Кепіл» АҚ арқылы бағдарлама қатысушыларын кепілдендіруге дайын.

         Осы ретте, Облыстық бюджет есебінен 27 213 млн. теңге бөлініп микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау жоспарланып тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2017 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 199 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 235,8 млн. теңге бөлінді.

        Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 537 маманға 1827,7 млн. теңге бөлінді.

        Қаржыландыру  жоспарына сәйкес қаржылар сәуір айынан бастап игеріледі.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының  ІІ бағыты бойынша «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2011-2016 жылдар аралығында бағдарлама қатысушыларына несиелендіру жұмыстарын жүргізді.

«Байқоныр» ӘКК» ҰК» АҚ:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ:

2011 жылы - 200 млн. теңге

2012 жылы - 933 млн. теңге

2013 жылы - 2000 млн. теңге.

2014жылы -  1349,588 млн.теңге

2015 жылы – 200 млн. теңге

Барлығы: 4682,588 млн. тенге.

2013 жылы – 1014,0 млн. теңге.

2014 жылы – 1000,0 млн. теңге. 

2015 жылы – 521,251 млн. теңге

2016 жылы – 421,260 млн. тенге

2016 жылы – 920,0 млн. тенге

2016 жылы – 420,0 млн. тенге

Барлығы: 4296,511  млн. тенге

Жиыны: 8 979,099  млн. тенге

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша облысқа 1,761 млрд тенге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 421,26 млн теңге несие 190 қатысушыға берілді.

Бағдарламаны өзектендіру мақсатында Ұлттық қордан қосымша бөлінген 1340,0 млн. теңгенің 420,0 млн. теңгесі адам басына 3,0 млн. теңгеге дейін берілу шартымен берілген болса, бүгінгі күнге бұл қаржы 188 бағдарлама қатысушысына берілді.

ҚР Ұлттық  қорынан бөлінген қосымша қаржының 920 млн. теңгесі «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен пилоттық режимде Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында облыс тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұсақ тауарлы өндірісін дамыту үшін  6,0 млн. теңгеге дейін мөлшерде несиелеуге берілді.

Бөлінген қаржының 862 млн. теңгесі 220 бағдарлама қатысушысына берілді. Қалған 58 млн. теңгені 23 қатысушыға беру үшін құжаттары мақұлданып, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы анықтама берілуін күтіп отыр.  Барлығы 2016 жылы 621 адам несиемен қамтамасыз етіледі.  

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336,2 млн. теңге бөлінді.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына 307 маманға  213,2 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы – 194, денсаулық сақтау саласы – 88, мәдениет саласы – 11, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 1, спорт саласы – 5, агроөнеркәсіп кешен саласы -9.

Сондай-ақ, 438 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1 325,2 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы –256, денсаулық сақтау саласы – 140, мәдениет саласы – 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 13, агроөнеркәсіп кешен саласы – 7.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына 2010-2015 жылдар аралығында  2111 маманға 4551,4 млн. теңге несие қаржысы берілсе, осыдан қазіргі таңда 881 маман несиенің төлеу мерзімін кешіктірген. Бюджетке берешек қарыз сома 68,4 млн. теңгені құрап отыр.

Борышкер мамандармен жасалған жұмыстардың нәтижесінде   17,9 млн.теңге  бюджетке қайтарылды. Қалған берешек қарыз сомасын бюджетке қайтаруда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы мен жергілікті атқарушы органдар мамандармен жұмыс жасауда.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2011-2016 жылдар аралығында 3273 қатысушыға 7 млрд. 639 млн. 099 мың теңге бюджеттік несие берілді.

«Байқоныр» ӘКК» ҰК» АҚ

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2011 жылы – 200 млн. теңге.

2012 жылы – 933 млн. теңге.

2013 жылы – 2000 млн. теңге.

2014 жылы – 1349,588 млн. теңге.

2015 жылы – 200 млн. теңге

Барлығы: 4682,588 млн. тенге.

2013 жылы – 1014,0 млн. теңге.

2014 жылы – 1000,0 млн. теңге. 

2015 жылы – 521,251 млн. теңге

2016 жылы – 421,260 млн. тенге

2016 жылы – 920,0 млн. тенге

2016 жылы – 420,0 млн. тенге

Барлығы: 4296,511  млн. тенге

Жиыны: 8 979,099  млн. тенге

Қайта қаржыландыру (реинвестирование).

Бағдарлама бойынша қайтарылған қаражаттардың есебінен бүгінгі күнге дейін 490 қатысушыға 1 166 млн. теңге несие берілді.

Оның ішінде:

  1. Қор тарапынан 315 адамға 661 млн. теңге;
  2. ӘКК тарапынан 175 адамға 505 млн. теңге.

2016 жылға қосымша бөлінген қаражаттар жөнінде.

           2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша облыстқа 1,761 млрд тенге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 421,26 млн теңге несие 190 қатысушыға берілді.

           Бағдарламаны өзектендіру мақсатында Ұлттық қордан қосымша бөлінген 1340,0 смн. теңгенің 420,0 млн теңгесі адам басына 3,0 млн. теңгеге дейін берілу шартымен берілген болса, бүгінгі күнге бұл сомманың 392,2  млн теңгесі 172 бағдарлама қатысушысына берілді.

          ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қосымша қаржының 920 млн. теңгесі «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен пилоттық режимде Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында облыс тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұсақ тауарлы өндірісін дамыту үшін 6,0 млн. теңгеге дейін мөлшерде несиелеуге берілді.

          Бүгінгі таңда бөлінген қаржының 516,3 теңгесі 125 бағдарлама қатысушысына берілді.

Қайтарым бойынша:

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылы берілген 200,0 млн. теңге несиенің қайтару мерзімі басталады.

«Байқоныр» ӘКК» ҰК» АҚ

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

01.07.2016 жылы – 81,0 млн. теңге.

05.09.2016 жылы – 82,0 млн. теңге.

25.10.2016 жылы – 37,0 млн. теңге.

10.04.2018 жылы – 584,0 млн. теңге

01.08.2018 жылы – 430,0 млн. теңге

01.05.2019 жылы – 1000,0 млн. теңге

05.06.2017 жылы – 225,0 млн. теңге.

05.07.2017 жылы – 225,0 млн. теңге

05.08.2017 жылы – 225,0 млн. тенге

05.09.2017 жылы – 258,0 млн. теңге

23.04.2020 жылы-421,251 млн. теңге. 

28.12.2020 жылы – 100,0 млн. теңге

16.04.2021 жылы – 421,260 млн.тенге

27.05.2021 жылы – 1340,0 млн. теңге

05.04.2018 жылы – 1000,0 млн. теңге

21.08.2018 жылы - 1000,0 млн. теңге

Барлығы: 4 296,511  млн. тенге

18.04.2019 жылы – 1 349,588 млн. теңге

25.12.2020 жылы – 200,0 млн. теңге

Барлығы: 4682,588 млн. тенге.

Жиыны: 8 979,099  млн. тенге

         Бағдарлама бойынша 2011-2016 жылдары конкурстық негізде 145 несие ұйымдарына 5 млрд 187 млн теңге берілді, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-на 2015 жылы төлеу кестесіне сәйкес  қайтарылған несие көлемінен 505,0 млн. теңге  қайта несиелендірілді.

         Несие қайтарымы жөнінде «Байқоңыр» ӘКК тарапынан келісідей шаралар қабылдануда:

       12 несие ұйымдары үстінен 2015 жылы сотқа талап арыз жолданып,  74,9 млн.теңге несие қарыздарын өндіру туралы сот шешімі қабылданып 36,2 млн. теңгесі сот орындаушылар тарапынан мәжбүрлеп өндірілді. 

         Ағымдағы жылы барлығы 79 несие ұйымдары үстінен 548,2 млн. теңгеге сотқа талап арыздар беріліп, 33 млн. тенгесі өндірілді.

         Сотта өндіру жұмыстары жалғасуда, 2016 жылғы тамыз айында 5 несие ұйымдары үстінен 9,9 млн. теңгені өндіру жұмыстары жүргізілуде.

         2016 жылы 5 қазан күнгі жағдайы бойынша 2011-2016 жылдары берілген несиелерден негізгі қарыздың қайтарылу көрсеткіші-45%, сыйақынның қайтарылу көрсеткіші-77% құрады.  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен  «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ-ы  арасындағы келісімге сәйкес, бюджет алдында несие бойынша сыйақы қаражаттары уақытылы төленуде.

         Үстіміздегі жылдың 1 шілдедесінен бастап 2011 жылы берілген 200 млн. теңге несиенің негізгі қарыздарының қайтару мерзімі келді. Республикалық бюджеттен қайтаруға тиісті несие қаражаттарының бірінші транш бойынша 81 млн. теңге төленген болса, екінші транш бойынша 82 млн теңге  23 қыркүйек күні төленді.

  «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

        2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінді.

        Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336,2 млн. теңге бөлінді.

       Облыс бойынша ағымдағы жылдың 10 қазанына 307 маманға 168,7 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы – 193, денсаулық сақтау саласы – 88, мәдениет саласы – 11, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 1, спорт саласы – 5, агроөнеркәсіп кешен саласы -9.

        Сондай-ақ, 376 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1 149,5 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы –217, денсаулық сақтау саласы – 122, мәдениет саласы – 19, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 9, агроөнеркәсіп кешен саласы – 7.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 19-04-2018 16:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика