Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ (2018 жылдың 1-тоқсаны)

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

          Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланып келеді.

          Басқармада 2018 жылдың 1 –тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі туралы

Қызылорда қаласы                                                                                                                          «29» қаңтар 2018 жыл                                               

         Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдын әрі – Басқарма) басшысының міндетін атқарушысының 22.01.2018 жылғы №5-ө бұйрығына сәйкес, жұмысшы топ құрамында: Ж. Кенжеғұлов – Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы, топ жетекшісі, топ мүшелері: Б. Демесінов – Әкімшілік бөлімінің бас маманы, С. Мұстаяпова – Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болып Басқарманың барлық бөлімдерінің 2017 жылғы ІІ-жартыжылдық кезеңі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

         Басқарма бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

3. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы;

4. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы;

5. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңы;

6. «Өсімдік қорғау туралы» ҚР Заңы;

7. «Өсімдік карантині туралы» ҚР Заңы;

8. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы;

9. «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы;

10. «Астық туралы» ҚР Заңы;

11. Өзге де нормативтік құқықтық актілер.

         Бөлімдердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

         Жалпы Басқармадағы мемлекеттік қызмет штат саны 32, қызметшілер саны да 31, оның 14 басшылық лауазымдағы қызметкерлер.

         Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарға бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес, білім деңгейі бойынша конкурстық негізде орналасқан.

         2017 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілердің  қызметінің ауысымы:

Аты-жөні

Атқарған лауазымы

Орналасқан лауазымы

Уақыты

Тәртібі

1

Бекішев Талғат Болатбекұлы

Басқарма басшысының орынбасары

«КазАтомПром» АҚ.

22.09.2017 жыл

2

Умербаева Маржан Ахатовна

Қызылора облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің

Басқарма басшысының орынбасары

01.11.2017 жыл

Ішкі конкурс

3

Исабергенова Гүлмира Рахымжанқызы

Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің бас маманы

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әдіснамалық қамтамасыз ету маманы

01.11.2017 жыл

Ішкі конкурс

4

Тұрмағанбет Қуаныш Алтынбекұлы

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әдіснамалық қамтамасыз ету маманы

Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің бас маманы

27.12.2017 жыл

Жалпы конкурс

2. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету.

3.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:

Мал шаруашлығын дамыту бөлімі бойынша:

1) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау;

Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімі бойынша:

1) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

2) Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау;

3) Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;

4) Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

5) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

6) Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

7) Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

Инвестиция және өңдеу бөлімі бойынша:

1) Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;

2) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу;

3) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;

4) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімі бойынша:

1) Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау

2) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

Тұқым шаруашылығы және астық инспекциясы бөлімі бойынша:

1) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

2) Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау;

3) Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау;

4) Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;

Экономикалық сараптау бөлімі бойынша:

1) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының  лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

2) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

         3.2. Дискрециялық мерзімдер мен құзыреттер, әкімшілік кедергілер.

Дискрециялық мерзімдердің бұзылуы орын алмаған, әкімшілік кедергілер жоқ.

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Рұқсат беру функциялары толықтай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында жүргізіледі.

5. Бақылау функцияларын іске асыру.

         Бақылау жұмыстары Тұқым шаруашылығы және астық инспекциясы бөлімімен тұқым шаруашылығы саласында және астық қауіпсіздігі мен сапасына жүргізіледі.

       Талдау кезеңінде бөліммен тұқым шаруашылығына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылау жүргізілмеген, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау сараптама жүргізуші ұйым тарапынан тиісті талаптар сақталып жатқаны жөнінде жалпы қарау-анықтау жолымен жүргізілген. Сараптама жүргізу жұмыстары мемлекеттік сатып алу аясында жүргізілгендіктен бақылау жұмыстары да осы атқарылған қызметті тексеріп қабылдау шеңберінде жүргізілген.

         Заңнама талаптарына сәйкес, бақылау шаралары тұқым шаруашылығы саласында тауар өндірушілерді объекті басында тексеріп-қарау жолымен жүргізілетіндіктен сыбайлас жемқорлық тәуекелінің индикаторы болып қала береді.

         Дегенмен, заңнама талаптарына сәйкес, тұқым шаруашылығы саласында бақылау жұмыстары тұқым инспекторларымен жүргізілуі тиіс болуына және бөлімдегі қызметкерлерге мұндай атаулар әлі берілмеуіне байланысты бақылау шаралары жүргізілмегендіктен бөлімнің бақылау саласындағы ұйымдастырушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалмады.   

6. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

       Талдау кезеңінде басқарма бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар болмаған.

       Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілген, бекітілген жоспарға сәйкес, іс-шаралар өткізілген.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою және болдырмау мақсатында ҰСЫНАМЫЗ:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды.

2. Басқарманың жылдық жоспарына сәйкес тұрақты түрде басқарма қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда семинар-отырыстар, дөңгелек столдар өткізілсін.

3. Басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген регламенттерінің сақталуын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың алдында Әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

4. Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілсін.

5. Басманың мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес өткізілуі қатаң басшылыққа алынсын.

6. Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарды қарау мерзімдері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» Заңына сәйкес жүргізілсін.

7. Басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар жергілікті баспасөз газеттерінде жариялануы қамтамасыз етілсін.

Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобының қызметкерлері мен үйлестіруші тұлға және бөлімінде ішкі талдау жүргізілген қызметкерлер:

Кенжеғұлов Жанатбек Өмірбекұлы - Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысының  – топ жетекшісі;

Демесінов Бақытжан Қанатұлы - Әкімшілік бөлімінің бас маманы – топ мүшесі;

Мұстаяпова Светлана Сабыржанқызы - Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің  бас маманы – топ мүшесі.

2017 жылы сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ

          Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

           Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.

             Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

           Атап айтқанда, жыл басынан бері тұрақты түрде басқарма қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда семинар-отырыстар, дөңгелек столдар өткізіп келеді.

         Сонымен қатар, 2017 жылы басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен басқармамен әзірленетін регламенттері жөнінде енгізілген өзгерістер және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының алдында заңнама талаптарының сақталуын түсіндіру бойынша Қызылорда қаласының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері қызметкерлері шақырылып, семинар-отырыс өткізілді. Семинар-отырыс барысында басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген регламенттерінің сақталуын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың алдында Әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

          Бұдан бөлек, басқарма басшысының орынбасарының төрағалығымен басқарманың қызметкерлеріне Әдеп нормаларын қатаң сақталуы жөнінде жиналыс-отырыс өткізілді. Отырыс барысында, басқарма қызметкерлеріне жұмыс барысында әдептілік сақталуын, өздерінің адамдармен сыпайы тіл табысуын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін әр дайым қамтамасыз етуі туралы тақырыптар қозғалып, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметші болғандықтан өзін заңға сәйкес ұстауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         2017 жылдың 5 қыркүйегінде басқарма басшысының міндетін атқарушының төрағалығымен басқарма қызметкерлері арасында басқарманың орындаушылық және еңбек тәртібі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жиналыс-отырыс өткізіліп, тиісті Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуы түсіндірілді.

Сонымен бірге, басқарма басшысымен 2017 жылдың 29 қыркүйегінде ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде бас меди-жоспары бекітілді.

        Медиа-жоспары бойынша басқарма қызметкерлері аудандарға іс-сапармен барып, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген субсидиялары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарының сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жергілікті баспасөз құралдарына мақалалар жариялап, теледидар арқылы сұхбаттар берілді.

          Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың 11 желтоқсанында ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту  мақсатында құқықтық оқу жиналысы өткізілді.

           Жиналыс барысында басқарманың құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде баяндама оқыды.

         Сонымен қатар, Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

          Басқармада 2017 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

          Алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ (2017 жылдың 3-тоқсаны)

        Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

      Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланып келеді.

       Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.

      Атап айтқанда, жыл басынан бері тұрақты түрде басқарма қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда семинар-отырыстар, дөңгелек столдар өткізіп келеді.

     Сонымен қатар, 2017 жылдың 3-тоқсанында басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен басқармамен әзірленетін регламенттері жөнінде енгізілген өзгерістер және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының алдында заңнама талаптарының сақталуын түсіндіру бойынша Қызылорда қаласының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері қызметкерлері шақырылып, семинар-отырыс өткізілді. Семинар-отырыс барысында басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген регламенттерінің сақталуын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың алдында Әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

     Бұдан бөлек, 3-тоқсанда басқарма басшысының орынбасарының төрағалығымен басқарманың қызметкерлеріне Әдеп нормаларын қатаң сақталуы жөнінде жиналыс-отырыс өткізілді. Отырыс барысында, басқарма қызметкерлеріне жұмыс барысында әдептілік сақталуын, өздерінің адамдармен сыпайы тіл табысуын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін әр дайым қамтамасыз етуі туралы тақырыптар қозғалып, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметші болғандықтан өзін заңға сәйкес ұстауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

       2017 жылдың 5-қыркүйегінде басқарма басшысының міндетін атқарушының төрағалығымен басқарма қызметкерлері арасында басқарманың орындаушылық және еңбек тәртібі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жиналыс-отырыс өткізіліп, тиісті Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуы түсіндірілді.

      Сонымен бірге, басқарма басшысымен 2017 жылдың 29-қыркүйегінде ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде бас меди-жоспары бекітілді. Медиа-жоспары бойынша басқарма қызметкерлері аудандарға іс-сапармен барып, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген субсидиялары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарының сақталуы жөнінде түсіндірме жүргізу және облыс тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жергілікті баспасөз құралдарына мақалалар жариялау, теледидар арқылы интервью беру жоспарланып отыр.

       Басқармада 2017 жылдың 3–тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ. Алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ (2017 жылдың 2-тоқсаны)

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарманың барлық бөлімдерінің   2017 жылғы І-жартыжылдық кезеңі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы бойынша басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар өткізілді.

       Басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыз-шағымдарына басқарма қызметкерлерімен уақытылы, толыққанды жауап берілуін қатаң бақылауда.

       Басқармада сенім телефоны жұмыс жасайды, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз беттерінде жарияланып отырады.

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ (2017 жылдың 1-тоқсаны)

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

      Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланып келеді.

       Басқармада 2017 жылдың І –тоқсанында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша

атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 677 қаулысына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алу мен жою шараларын қабылдау мақсатында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (одан әрі -Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2016 жылға арналған іс-шаралар Жоспары әзірленіп бекітілді. 

       Басқармының сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас-жемқорлық тақырыбында мақалалар тоқсан сайын жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланып келеді.

       Сыбайлас – жемқорлыққа қарсы басқарма тарапынан 2016 жылы сыбайлас - жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 25-04-2018 11:40

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика