Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы функциялары

 

1) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі  Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

5) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

6) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;

7) азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргiзу;

8) азық-түлiк тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

9) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

10) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын, пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;

12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;

13) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

15) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;

16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;

17) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

18) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;

19) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

20) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

21) мыналар:

агроөнерсәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту;

бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшіру үшін жағдай жасау;

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығы) айналысатын тауар өндірушілер мен өзге де жеке және заңды тұлғаларға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде бюджеттік субсидиялар беру;

23) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;

24) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасау;

25) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

26) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға беру;

27) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;

28) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу;

29) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;

30) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның  қызметін қамтамасыз ету;

31) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;

32) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;

33) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

34) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;

35) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ, лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;

36) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

37) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

38) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды енгізу;

39) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;

40) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

41) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасау;

42) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

43) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

44) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

45) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егістіктерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

46) квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

47) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

 тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект  үшін  –  бірегей тұқымдар бойынша;

 әрбір әкімшілік  – аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау үшін ұсыныс енгізу;

48) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

49) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

50) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

51) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:

субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;

52) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

53) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

54) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

55) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

56) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдау;

57) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

58) астық қабылдау кәсіпорындарын:

 бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін рәсімдеуді қамтуын бақылау;

59) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

60) астық қабылдау кәсіпорындарының «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы  Кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;

61) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

62) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

63) астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау;

64) «Астық туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

65) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

66) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

67) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

68) астықтың  сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

69) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

70) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру;

71) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

72) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;

73) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

74) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

75) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп ұстау және қолдау;

76) мыналар:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі  қызметті лицензиялау;

77) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

78) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

79) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;

80) уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізу;

81) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

82) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

83) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;

84) өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

85) облыстық жергілікті атқарушы органы өсімдік шаруашылығы саласында уәкілетті органмен бекітілетін бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидаларының орындалуын жүзеге асырады;

86) агенттен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиісті аумақтағы сақтандырылған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері көрсетілген тізбесін сұрату;

87) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 5 шілдедегі  Кодексіне сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;

88) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

89) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;

90) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;

91) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

92) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған  іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

93) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және  іс-шараларды жүзеге асыру;

94) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

95) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсыну;

96) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

97) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

98) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасау;

99) уәкілетті органға жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;

100) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;

101) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;

102) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық - асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;

103) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіру;

 104) басқарма жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асыру;

105) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолдану;

106) өз құзыреті шегінде азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

107) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асыру;

108) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 16-07-2018 11:03

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика