Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Ауыл шаруашылығы

 

Облыстың ауыл шаруашылығының дамуы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  аясында жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік бағдарламада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекет тарапынан берілетін көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бастапқы өңдеу, сақтау және өнімді мейлінше экспорттауға арналған инфрақұрылым құру қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету болып табылады және бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында негізгі 8 міндеті белгіленген.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуде оң нәтижелері байқалуда.

Макроэкономикалық көрсеткіштер

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 86,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,1% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 5 012,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 25,7%-ды құрады.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  қаңтар-желтоқсан айларында 619,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда  нақты көлем индексі 80,6%-ды құрады.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% артты.

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,3%-ға, қой мен ешкі 0,5%-ға, жылқы 8,0%-ға, түйенің саны 9,3%-ға, құстың саны 26,5%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,6%-ға, сүт өндіру 1,3%-ға, жүн 6,3%-ға, жұмыртқа өндіру 18,1%-ға өсті.

Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 31,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,9 % құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың желтоқсан айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 106,6%-ды (республика бойынша – 106,5%-ды) құрады.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша

2017 жылы облыс бойынша барлығы 181,1 мың га (2016 жылы 169,3 мың га) жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Оның ішінде, күздік бидай 3086 га, жаздық бидай 2048 га, арпа 352 га, дәндік жүгері 681 га, сұлы 107 га, тары 388 га, күнбағыс 510 га, мақсары 6309 га, сүрлемдік жүгері 655 га, жаңа жоңышқа 18974 га, ескі жоңышқа 40498 га, картоп 4360 га, көкөніс 4998 га және бақша 7257 га.

Негізгі дақыл – күріш көлемі 90882 га.

Биылғы жылы суармалы су көлемінің мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда көп болуына байланысты, күріш дақылы 10,8 мың гектарға артық егілді. Әртараптандару бағытындағы дақылдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда барлығы 4381 га артық орналасты. Атап айтқанда, ескі жоңышқа – 2314 га, күздік бидай – 903 га, арпа – 192 га, дәндік жүгері – 156 га, майлы дақылдар – 816 га.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы өндірістік негізде 2000 га шамасында көкөніс-бақша өсірілді. («Магро» ЖШС 100 га (о.і. 50 га ылғал үнемдеу тәсілімен (пленкамен)), «Іскер-М» ЖШС-і 100 га (тамшылатып суғару тәсілімен), Орда ЖШС 100 га, Қазалы ауданы (кооперативтер) 600 га, Жаңақорған ауданы 600 га). 

Жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында 2017 жылы барлығы 106 га (оның ішінде, 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жеміс-жидек екпелері отырғызылды.

Үстіміздегі жылы күріш егісіне 57,8 мың тонна минералды тыңайтқыш және арам шөптерге қарсы 81,3 мың литр гербицид пайдаланылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тыңайтқыш 14,1 мың тоннаға және гербицид 34,5 мың литрге артық.

Сондай-ақ, 2016 жылмен салыстырғанда 4216 га үстеп қоректендіру және 6178 гектар егіске химиялық өңдеу жұмыстары артығымен жүргізілді.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 97 544 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 514 917 мың тонна астық алынды.

Атап айтқанда, 9276 тонна бидай, 207 тонна арпа, 1 827 тн дәндік жүгері, 103 тн сұлы және 979 тн тары. Өткен жылмен салыстырғанда бидай 830 тоннаға, сұлы 78 тоннаға артық жиналды. Жалпы, бидай өнімділігі (18,1 цн/га) 2,8 центнерге, сұлы өнімділігі (9,7 цн/га) 8,5 центнерге тары (25,2 цн/га) 2,0 центнерге артты.

Негізгі дақыл күріштің әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алынып, 502,5 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 62,8 мың тоннаға артық.

Майлы дақылдардан 5255 тонна (2016 жылы 5058 тн) өнім жиналды. Орта өнімі гектарына 7,7 центнерді құрады. Сонымен қатар, 70571 тонна картоп, 91258 тонна көкөніс және 152786 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2018 жылдың егісі үшін 48,8 мың га сүдігер көтеріп, 3,1 мың га күздік бидай орналастырды.

Биылғы егін егу және жинау науқанына 1830 дана трактор, 868 дана комбайн, 456 жатка, 394 дана тасымал көлігі, 905 дана трактор тіркемесі 491 соқа және 245 тұқым сепкіш қатысты.

Техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. 2017 жылдың өзінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгеге 84 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Бұдан басқа, шаруашылық құрылымдары өз қаржыларының есебінен 60 дана (320,2 млн. теңге) ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

2017 жылы көктемгі егін егу жұмыстары және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 30,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, облыс бойынша белгіленген «Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК Мұнай» ЖШС-і дизель отынының литрін 128,5 теңгеден шаруашылықтарға жеткізуді қамтамасыз етті.

Жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда қаласында бітпей қалған 5 гектарды құрайтын 120 жылыжайды іске қосу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнде оның 50 жылыжайы іске қосылды. 

Сонымен қатар, Қарауылтөбе ауылдық округінде 1 гектар құрайтын жылыжай іске қосылып, өнім алынды. Сол сияқты, Жаңақорған ауданында арнайы құрылған «Агрозонада» 1 гектар жылыжайдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС-гі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржыландыруымен көлемі 2,2 га құрайтын кешенді жылыжай құрылысын салу жөнінде келісім-шартқа қол қойды. Жобаның құрылысы 2018 жылы басталады.

Биыл Жаңақорған ауданында «Тату агро» шаруа қожалығында 200 гектарда тамшылатып суару әдісімен қызанақ егіліп, әр гектарынан 190 центнерден өнім алынып, 3895 тонна өнім өндірілді.

Сондай-ақ, жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында биыл барлығы 106 гектар (оның ішінде 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жеміс-жидек екпелері егіліп, 1,1 мың тонна өнім жиналды. 

Тұқым шаруашылығы

2017 жылдың егісіне 637 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 188,3 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23083,1 тонна тұқымдары құйылды.

Сонымен қатар, жоғары сұранысқа ие күріш сорттарын өсіруді ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн. теңгеге Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 333 тонна («Фаворит» - 278 тн, «Лидер» – 50 тн, «Янтарь» – 5 тн) элиталық сорттары әкелініп, тұқым шаруашылықтарында көбейтілді.

Краснодардан әкелінген элиталық күріш сорттары осы шаруашылықтарда 1300 гектардан астам жерге егіліп күтімге алынды.

Аталған шаруашылықтар ағымдағы жылы облыс шаруашылықтарын  І -репродукциялы сапалы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін болады.

2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие күріштің «Тором Хошеми» сорты тәжірибелік негізде өсіріліп, өнімділігі мен сапасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Қармақшы ауданы «Ақтөбе К» шаруашылығында осы Иран сорты 70 гектар жерге егілді. 2018 жылы осы сорт өнімінен 60 тонна күріш Иранға экспортқа шығару жоспарлануда.

Сорт алмастыру, сорт жаңарту мақсатында жүргізілген жұмыстардың арқасында  биыл  нақты егілген 90882 гектар күріш егістігіне себілген 23083,1 тонна тұқым 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен себілді.

2018 жылдың егісіне облыс бойынша 22695 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың егісіне 699 тонна күздік бидай, 560 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 230 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына 309,6 мың бас мүйізді ірі қара, 586,7 мың бас қой мен ешкі, 120,5 мың бас жылқы, 42,4 мың бас түйе, 2,3 мың бас шошқа және 112,8 мың бас құс өсірілуде.

2016 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,3%-ға, жылқы 8,0%-ға, түйенің саны 9,3%-ға, құстың саны 26,5%-ға көбейсе, қой мен ешкі 0,5%-ға, шошқаның саны 5,8%-ға кеміп кеткен.

 Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 35,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 84,7 мың тонна сүт, 0,8 мың тонна жүн және 6707,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 2,6%-ға, сүт 1,3%-ға, жүн 6,3%-ға және жұмыртқа өндіру 18,1%-ды құрады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ағымдағы жылы бөлінген 1878,5 млн. теңге қаржы толық игеріліп, 675 шаруашылыққа субсидия төленді. 

Атап айтқанда  1432 бас асыл тұқымды ірі қара, 6700 бас  қой, 482 бас жылқы  малы сатып алынды. Сонымен қатар, 12,3 мың бас аналық сиырды, 14,8 мың бас қойды қолдан ұрықтандыруға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағыты бойынша 198 бас етке сойылған бұқашық, 4665 бас етке сойылған қозы, 43,6 тонна жылқы еті, 33,4 тонна түйе еті және 5107,4 тонна сиыр сүті, 15,1 тонна қымыз, 65,4 шұбат өнімдері субсидияланды.

Облыс бойынша 2017 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына           660,0 мың тонна шөп қажет болса, 719,4 мың тонна шөп (109,0 %), 9,4 мың тонна жүгері сүрлемі (117,5%) және 81,1 мың тонна сабан (108,1%) дайындалып, мал қыстату орындарына жеткізілді.

«Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып осыдан бүгінгі күні 70 шаруашылық 2507 бас сиыр (120 бұқа) сатып алып, жоспар 119,4 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой (40 қошқар) алу жоспарланып, 11 шаруашылық 1633 бос қой (167 қошқар) сатып алып, жоспар 163,3% орындалды. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі күні 24 шаруашылық 673 бас бие (56 айғыр) сатып алып жоспар 134,6 %-ға орындалды.

Тұқым түрлендіру жұмыстары

Облыс бойынша 01.01.2017 жылға 127,0 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан 47,2 мың  бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 31,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,9%-ды құрады.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында 174 882 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 %-ға артқан.

Кооперация

Қызылорда облысы бойынша 3219 жеке шаруашылықтардың бірігуімен  249 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Оның ішінде, 84 кооператив 2304 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен құрылып, барлығы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

2016-2017 жылдар аралығында құрылған 42 кооператив 3 459,3 млн. теңге қаржыға 16133 бас МІҚ, 3928 бас сиыр, 550 бас уақ мал, 56 бас жылқы, 3000 бас құс, 2 модульді мал сою бекетін, 1 модульді сүт қабылдау бекетін,  1 сүт тасымалдау көлігі, 2 рефрижератор және 2 мал азығын дайындау цехын сатып алуға қол жеткізді.

2017 жылы облыста 1125 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 45 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, барлығы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Оның ішінде, 20-дан астам жеке секторлардың бірігуімен 41 кооператив құрылды.

Нәтижесінде бүгінгі күні 684 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылып, 13359 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға кірісті. Сонымен қатар 3928 бас сиыр сатып алынып, 385 шағын отбасылық сүт фермалары құрылды

Бүгінгі күнге кооперативтер 342,45 тонна ет, 133,3 тонна сүт өнімдерін, 382 тонна бақша өнімдерін өндіріп 73 тоннасын экспортқа және 3 тонна құс етін өндіріп, ішкі нарыққа өткізді.

Инвестициялық жобалар

Облыстың АӨК дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд. теңге көлеміндегі 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

2017 жылы жалпы құны 1244,6 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды. Олар: Сырдария ауданында «Абай-Дәулет» ЖШС-нің күріш зауыты (құын 300,0 млн. теңге), Қармақшы ауданында «Ақтөбе» ЖШС-нің күріш зауыты (құны 300,0 млн. теңге, Жаңақорған ауданында «ТатуАгро» ШҚ-ның тамшылатып суару әдісімен 200 га қызанақ өсіру жобасы (құны 344,6 млн. теңге).

2018 жылы жалпы құны 2782,0 млн. теңгені құрайтын іргелі 4 жобасны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олар: 5 мың бас аналық және 10 мың бас қозы бордақылау алаңы, қуаттылығы 250 тн/жыл, көлемі 2 га автоматтандырылған жылыжай, ет өңдеу комбинаты, қуаттылығы 2 тонна/жыл, құс етін өндіру фабрикасы.

Экспорттық әлеуетті дамыту

2016 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2016-2020 жылға дейін дамуының Агрокартасы әзірленді. Агрокартада жылдам дамытуды қажет ететін салалар және экспорттық әлеуетті арттыру механизмі анықталды (2021 жылға 5 есеге дейін).

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа ет шығарудың облыстар бойынша индикативтік жоспарын бекітті. Осыған сәйкес 2017 жылы облыстан экспортқа 100 тонна сиыр және 25 тонна қой етін шығару көзделген.

Осыған орай өткен жылы Иран Ислам Республикасы және Біріккен Араб Әмірлігіне барлығы 2000 бас тірілей қозы экспортқа шығарылды.

2017 жылы 75,0 мың тонна күріш Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Украина, Ауғанстан, Беларусь және Монголияға экспортталды. Сонымен қатар, 2017 жылы 6012 тонна (оның ішінде 1159,5 тонна қауын және 4852,5 тонна қарбыз) бақша дақылдары Ресей Федерациясына және 188 тонна көкөніс Ресейдегі «Магнит» сауда желісіне экспортталды.

2017 жылдың 11 ай нәтижесі бойынша облыстан 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 60%-ға артты. Оның ішінде, күріш экспорты 84,6 мың тоннаны құрайды, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 61,1%-ға артты.

 

 


Ауыл шаруашылығы

 

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 61,3 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғада өсім 4,1% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 2 717,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 77,1% құрады.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 110,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 32,1% құрады.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% артты.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 15,3%-ға, түйенің саны 12,4%-ға, құстың саны 4,9%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,7%-ға, сүт өндіру 1,3%-ға, жұмыртқа өндіру 15,8%-ға өсті.

Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 23,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,2% құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың қыркүйек айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,1% (республика бойынша 103,1%) құрады.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша

Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 181,2 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Осыдан бүгінгі күнге 146,5 мың гектары немесе 80,8%-ы жиналып болды.

Оның ішінде, картоптың 3388 гектары (77,7%), көкөністің  4554 гектары (91,1%) және бақша дақылдарының 6873 гектары (94,7%), дәндік жүгерінің 381 гектары (52,6%), тарының 214 гектары (55,2%) және сүрлемдік жүгерінің 490 гектары (80,3%)  жиналды.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен есепті кезеңге 763,3 мың тонна немесе 102,7 % (меже 743 мың тонна) мал азығы дайындалды. Оның ішінде 178,8 мың тонна жоңышқа шөбі, 6,8 мың тонна сүрлем, 520,5 мың тонна табиғи шөп және 57,2 мың тонна сабан дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Негізгі дақыл - күріш жинау жұмыстары жалғасуда. 2017 жылғы            29 қыркүйекке аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ұсынған жедел ақпараттарына сәйкес, күріш дақылының 75 964 гектары (83,5%) орылып, 66 558 гектары (73,2%) бастырылып, 342 929 тонна күріш салысы жиналды. Орташа өнім гектарына 51,5 центнерді құрап отыр.

 Егін жинау науқанына 1830 дана трактор, 868 дана комбайн, 456 дана жатка, 394 дана тасымал көлігі және 905 дана трактор тіркемесі қатысуда.

Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 16 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта шілде, тамыз айларына бөлінген 8,8 мың тонна дизель отыны облысқа толық жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылды.

Сондай-ақ, қыркүйек айына бөлінген 7,2 мың тонна дизель отынының 4,2 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, оның 3,5 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылып отыр.

Бұдан басқа, шаруашылықтардың өз күшімен 13,2 мың тонна дизель отыны, 2,9 мың тонна автобензин және 890 тонна дизель майы дайындалды.

Тұқым шаруашылығы бойынша

2017 жылдың егісіне 637 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 188,3 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23355 тонна тұқымдары құйылды.

Сонымен қатар, жоғары сұранысқа ие күріш сорттарын өсіруді ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн. теңгеге Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 333 тонна (Фаворит - 278 тн, Лидер – 50 тн, Янтарь – 5 тн) элиталық сорттары әкелініп «Түгіскен ТШ» ЖШС, «Таң ЛТД» ЖШС, «Төңкеріс» ШҚ тұқым шаруашылықтарына бөлініп берілді.

Краснодардан әкелінген элиталық күріш сорттары осы шаруашылықтарда 1300 гектардан астам жерге егіліп күтімге алынды.

Аталған шаруашылықтар келесі жылы облыс шаруашылықтарын І -репродукциялы сапалы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін болады.

2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие күріштің «Тором Хошеми» сорты тәжірибелік негізде өсіріліп, өнімділігі мен сапасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Қармақшы ауданында «Ақтөбе К» шаруашылығында осы Иран сорты 70 гектар жерге егілді. Ағымдағы жылы осы сорт өнімін Иранға экспортқа шығару жоспарлануда.

Сорт алмастыру, сорт жаңарту мақсатында жүргізілген жұмыстардың арқасында  биыл  нақты егілген 90977 гектар күріш егістігіне себілген 23083,1 тонна тұқым 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен себілді.

 Себілген күріш тұқымының 11325,2 тоннасы-49,1% - І класс,10358,9 тоннасы – 44,9 % ІІ класс, 1399 тоннасы- 6%  ІІІ класты тұқымды құрады.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының берген мәліметі бойынша бүгінгі таңға 2018 жылдың егісіне облыс бойынша 21950 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. Сонымен қатар 586 тн.күздік бидай, 308 тонна жаздық бидай, 63 тонна арпа, 70 тонна сұлы тұқымы құйылған. Қазіргі таңда күріш тұқымын құю  жұмыстары жалғасуда.

Мал шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына 295,4 мың бас мүйізді ірі қара, 704,3 мың бас қой мен ешкі, 120,9 мың бас жылқы, 44,7 мың бас түйе, 2,1 мың бас шошқа және 103,4 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,2%-ға, жылқы 15,3%-ға, түйенің саны 12,4%-ға, құстың саны 4,9%-ға көбейді.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 24,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 61,3 мың тонна сүт, 793,4 тонна жүн және 4678,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 2,7%-ға, сүт 1,3%-ға,  жүн 6,3%-ға және жұмыртқа өндіру 15,8%-ды құрады.

Облыс бойынша 2017 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 660,0 мың тонна шөп қажет болса,  710,1 мың тонна  шөп  (107,6 %),  8,8 мың тонна жүгері сүрлемі (110,0%) және 79,0 мың тонна сабан (105,3%) дайындалды.

 «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып осыдан  бүгінгі күні 69 шаруашылық 2504 бас сиыр (119 бұқа) сатып алып, жоспар 119,2 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой (40 қошқар) алу жоспарланып, 11 шаруашылық 1633 бос қой (167 қошқар) сатып алып, жоспар 163,3% орындалды. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі күні 22 шаруашылық 645 бас бие (53  айғыр) сатып алып жоспар 129,0 %-ға орындалды.

Ет өнімдерін экспортқа шығару

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен экспортқа ет шығарудың индикативтік жоспарына сәйкес ағымдағы жылы облыстан экспортқа 100 тонна сиыр етін, 25 тонна қой етін шығару көзделген.

Облыста халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинаты болмағандықтан, экспортқа салқындатылған немесе тоңазытылған етті шығаруға мүмкіндік жоқ.

Осыған байланысты ет комбинатын салу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС-гі Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясымен келісімге келіп, ет комбинатының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үстінде.

Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясымен жасалған келісімдерге сәйкес, ағымдағы жылдың                        15 тамызында Қызылорда қаласына қарасты «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясына 812 бас қозыны тірілей салмағы 26,5 тонна экспортқа шығарды.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданы 1132 бас қозыны тірілей салмағы 36,5 тонна Жамбыл облысы арқылы Біріккен Араб Эмиратына экспортқа шығарды.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 23 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,2 % құрады.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында  123396  тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,2 %- ға артқан.

Ауыл шаруашылығы кооперативін құру

2017 жылы облыс бойынша 242 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 77, егіс саласында – 52, көпсалалы – 1106, өңдеу -1, су шаруашылығы-1, көкөніс-1). Құрылған кооперативтерге барлығы 2872  мүшелер біріккен.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Азық-түлік тауарларының қыркүйек айындағы тұтыну бағаларының жыл басымен салыстырғандағы индексі – 103,1 пайызды құрады, (РК – 103,1 пайыз).

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту шараларын қабылдау бойынша жұмыс тобымен 2 рет, облыстық штаб отырысы 5 рет, тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссиямен 5 рет мәжіліс өткізілді.

Облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорына бөлінген 200 млн. теңге қаржыға, тұрақтандыру қоры комиссиясы шешіміне сәйкес 1814 тонна азық-түлік тауарларын сатып алу кестесі әзірленді. Мәселен маусым айында 300 тонна картоп, 30 тонна басты пияз, 20 тонна сәбіз, 204 тонна қант, 30 тонна макарон, шілде айында 100 тонна қырыққабат, 1040 тонна І  сортты ұн, 20 тонна тауық еті, қыркүйек айында 20 тонна өсімдік майы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында тұрақтандыру қорына киллограммына 1150 теңгеден 50 тонна сиыр етін алу шешілді.

Сатып алуға белгіленген  өнімдердің бүгінгі күнге 20 тонна картоп, 136 тонна қант, 1 сортты ұн 68 тонна, 10 тонна пияз, 5 тонна сәбіз, 5 тонна қырыққабат жеткізіліп, 14 әлеуметтік дүкендер мен аудандарда ашылған 6 әлеуметтік дүкендер және Қызылордадағы 10 сауда дүкендерінде келісім-шартқа сәйкес өткізілуде.

Қазіргі таңда, тұрақтандыру қорында 1210 тонна өнім қоры бар. «Мирас» сауда үйі арқылы 2017 жылға 8607 тонна тауарлық интервециялар жүргізу белгіленген болса, бүгінгі күнге дейін 4717 тонна өнім жеткізіліп, өткізілді.

Сонымен қатар бүгінгі күнге, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің (кооперативтер) өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұрғындарға сатуына жағдай жасау мақсатында 7 дүкен сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа, сүт, күріш, балық, бақша өнімдерін сатуға шаруашылықтарға берілді.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының 3250 тонналық көкөніс сақтайтын қоймасы жұмыс жасап тұрса, тағы да тұрақтандыру қорының көкөніс-жеміс өнімдерін жыл бойы қалыпты температурада сақтайтын тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған сыйымдылығы 2500 тонналық сақтау қоймасы салынуда.

Сонымен бірге, тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес облыс және аудан орталықтарында жәрмеңкелер өткізіліп, жалпы жыл басынан осы уақытта дейін 67 жәрмеңке өткізіліп 508,5 млн. теңгенің 3 214,9 тонна өнімдері сатылды.

 


Ауыл шаруашылығы

 

Макроэкономикалық көрсеткіштер

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 15,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 1,9% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 259,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 117,7%-ға  артты.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 9,2 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артты.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,2%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға,  жылқы 12,9%-ға, түйенің саны 3,4%-ға, құстың саны 14,5%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,2%-ға, сүт өндіру 1,8%-ға, жұмыртқа өндіру 8,5%-ды құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың маусым айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 104,3%-ды (республика бойынша – 105,1 %-ды) құрады.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша

Облыс әкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша  2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу жоспарланған.Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы дақылдар 7,4 мың, мал азықтық дақылдар 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар.

2017 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 3089 гектар күздік бидай егілді.

Көктемде шаруашылықтарда 18397 га жаңа жоңышқа (101,4%), 6685 га мақсары (90,7%), 3545 га жаздық дәнді дақылдар (108,5%) (бидай, арпа, сұлы, дәндік жүгері, тары) егілді.

Сонымен қатар, биыл жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында барлығы 106 га (оның ішінде, 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жерге жеміс-жидек екпелері егілді.

Облыста күріш егу жұмыстары толық аяқталды. Аудандардың берген жедел мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша күріш 89268 га (113,9%) егіліп,    5 маусым күні толық суға бастырылды.

Бүгінгі күнге 4591 га картоп (100%), 5015 га көкөніс (100%), 7120 га бақша (100%), 310 га күнбағыс және 600 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді.

Сонымен қатар, 25 мамырдан бастап облыста жоңышқа дақылын жинау жұмыстары басталды. Бүгінгі күнгі межеленген 41,1 мың гектар жоңышқаның 9,5 мың гектары орылып, 16,2 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 17,1 центнерден айналуда. Жоңышқа дақылын жинау жұмыстары жалғасуда.

Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау

2017 жылға қажетті 51,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштың қазіргі таңда нақты 46,6 мың тоннасы (91,1%) алынды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі  64,8 мың литрді құрайды. Бүгінгі күнге, шаруашылықтар тарапынан 5,5 мың литр гербицид (23,9%) сатып алынды.

Техника және жанар-жағар май

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1830 трактор, 491 соқа,  245 тұқым сепкіш, 394 автомашина және 905 трактор тіркемесі қатысты.

2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 14 мың тонна дизель отыны толығымен облысқа жеткізіліп, оның 10,7 мың тоннасы (76,6%) шаруашылық құрылымдарына таратылды.

Тұқым шаруашылығы бойынша

2017 жылдың егісіне 612 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 63,6, тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 184,5 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23355 тонна тұқымдары құйылды.

Бүгінгі таңда құйылған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді. Себілген күріш тұқымының 3910 тоннасы -16,7 %  І класс, 14430 тоннасы - 61,7% ІІ класс, 5015 тоннасы-21,6%  ІІІ класты тұқымды құрады.

Сонымен қатар, биылғы жылы да  сорт жаңарту және ауыстыру  мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен "Агрохолдинг Байқоңыр" ЖШС-гі арқылы күріштің Фаворит, Янтарь, Лидер сорттарының 333 тонна элиталық тұқымдары  әкелініп, "Түгіскен, Төңкеріс К, Таң ЛТД" тұқым шаруашылықтарына таратылып берілді. Аталған шаруашылықтар келесі жылы облыс шаруашылықтарын І репродукциялы сапалы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін болады.

№ 045 "Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау" бағдарламасы шеңберінде 2017 жылға  облыс бойынша жергілікті бюджеттен 23391 мың теңге қаражат қаралған болатын. Бүгінгі таңға бөлінген қаражаттың 13339 мың теңгесі игеріліп, облыс бойынша 6558 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы жыл аяғына дейін игеріледі.

002 "Тұқым шаруашылығын қолдау" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 439,3 млн. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толығымен  игерілді.

Мал шаруашылығы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне 313,9 мың бас мүйізді ірі қара, 784,7 мың бас қой мен ешкі, 122,6 мың бас жылқы, 44,8 мың бас түйе, 3,1 мың бас шошқа және 95,2 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,2%-ға, қой мен ешкі 3,4%-ға, жылқы 12,9%-ға, түйенің саны 3,4%-ға, құстың саны 14,5%-ға көбейді.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 15205,4 тонна ет (тірі салмақта), 37756,7 тонна сүт, 460,1 тонна жүн және 2307,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше ет 2,2%-ға, сүт 1,8%-ға,  жүн 9,3%-ға және жұмыртқа өндіру 8,5%-ды құрады.

 «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр (72 бұқа) сатып алу жоспарланып осыдан  бүгінгі күні 58 шаруашылық 2134 бас сиыр (101 бұқа) сатып алынып, жоспар 101,6%-ға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1000 бас қой (40 қошқар) алу жоспарланып, 8 шаруашылық 1153 бос қой (151қошқар) сатып алынып, жоспар 115,3%-ға орындалды. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша 500 бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі күні 13 шаруашылық 376 бас бие 32 бас айғыр сатып алынып жоспар 75,2 %-ға орындалды.

Ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру

Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өз қаржыларына салынған 2,2 мың бастық 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары 6,0 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан  қосылды. Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС-нің  3000 бастық мал бордақылау алаңында 250 бас МІҚ малы бордақылануда.  Бүгінгі күні сиыр етін экспортқа шығару мақсатында Ресейдің Астрахань облысымен келісімдер жүргізілуде. Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-гі 3000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарасыруда.

Тұқым түрлендіру 

2017 жылдың 1 маусымына  статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста 127,0 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні (21.06.2017 ж.) 34,5 мың бас аналық сиыр және 1,5 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.  Облыс бойынша 326 бұқа жетіспейді.

Бүгінгі күні аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 27,1%-ды, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 70,0%-ды құрап отыр. (Республиканың көрсеткіші  тиісінше – 22,5% және 69,0%).

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы

2017 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 11,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7%-ға артып отыр.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың мамыр айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың мамыр айында  71 439 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121%-ға артқан.

Дегенмен, 2017 жылдың мамыр айында  жас немесе тоңазытылған ет 0,5%-ға, шұжық 9,1%-ға, балық 11,8%-ға, ірімшік және сүзбе 14,3%-ға, өңделген сұйық сүт 25,7%-ға,  өзге де сүт өнімдері 25,7%-ға, көкөністен жасалған консервілер, жеміс және көкөніс шырындары 50%-ға кеміген.

Кооперация

2017 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 223 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды (мал шаруашылығы саласында – 75, егіс саласында – 50, су шаруашылығында – 1, көкөніс өңдеу -1, көпсалалы – 96).

Үстіміздегі жылы жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастыру жоспарланды. Құрылған кооперативтерді қаржыландыру «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биылғы жылы бөлінген 1765 млн. теңге қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Өткен жылдан бүгінге дейін 1843 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен  60 кооперативтер құрылса, 2017 жылы облыста 514 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 23 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды (20 ет бағытында, 3 сүт бағытында, 1 бақшалық), («Ақмол» АӨК – сүт және ет бағытында жұмыс жасайды). Оның ішінде 20-дан астам жеке секторлардың бірігуімен 20 кооператив құрылды. Құрылған кооперативтердің 7-і құрал-жабдықтармен 1-і ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 15 кооператив 1 057,0 млн.теңге қаржыға  6797 бас МІҚ малын алуға қол жеткізді.

Нәтижесінде, бүгінгі күні 274 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылып,4836 бас мүйізді ірі қара малы бордақылануда.

Сонымен қатар, 1961 бас сиыр сатып алынып, 85 шағын отбасылық сүт фермалары құрылды. Бүгінгі күнге құрылып, несие алған кооперативтер  160 тонна ет, 40 тоннаға жуық сүт өндірді.

Инвестициялық жобалар

Облыстың АӨК дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд. теңге көлеміндегі 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Шиелі кентінде ЖК «Мөлдір и К» қуаттылығы жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндіретін құс фермасын іске қосты.  Қазіргі таңда құс фермасында 11 мың бас тауықтар жұмыртқа салуда. Жыл соңына дейін жобаны 65 тонна құс етін өндіру бойынша кеңейтуді межелеуде.

Сондай-ақ, Шиелі кентінде шұбат өңдеу цехы іске қосылды. Бүгінгі күні цех базасында «Төрт түлік» АӨК құрылып, тәулігіне 1 тонна шұбат өнімдерін өндіріп отыр.

Қызылорда қаласында ЖК «Натишаева» 5 га аумаққа 120 жылыжай кешенін, 1 га аумаққа көкөніс және бақша дақылдарын өсіру жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 46 жылыжайға көкөніс отырғызылып, жұмыстары жалғасуда. 1 га жылыжай жемісін беруде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы құны 3076,6 млн. теңгені құрайтын 5 ірі жоба, көлемі 2 гектар автоматтандырылған 1 жылыжай, қуаттылығы жылына 1500 тонналық құс етін өндіретін құс фабрикасы, қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешен, жылдық қуаттылығы 2 мың тонна ет комбинатын және 200 гектар тамшылатып суару әдісімен қызанақ өсіру жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Жалпы жыл басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде 8 өнім бойынша баға қымбаттаса (рожки, сары май, сиыр еті, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант), 3 өнім бойынша баға төмендеді (қарақұмық жармасы, өсімдік майы, жұмыртқа), қалған 8 өнім бойынша баға бір қалыпты сақталуда.

Бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 1753,5 тонна өнім сақталып, Қызылорда қаласында орналасқан 14 «Дәмді» әлеуметтік дүкендермен аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.

Ағымдағы жылдың 16 мамырда облыстық мәслихат сессиясының шешімі негізінде тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 200 млн. теңге қаржы бөлінді.

Осы шешімге сәйкес тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия шешімімен 1814 тонна азық-түлік тауарларын сатып алудың кестесі әзірленді.

Сонымен қатар, тізім бойынша өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативтерінен 50 тонна сиыр етін сатып алу жоспарлануда.

Бекітілген сатып алу кестесіне сәйкес бүгінгі күні тұрақтандыру қорына 1544 тонна көлемінде жалпы құны 154,5 млн. теңгенің тауарларын жеткізу бойынша келісім-шарт жасалды.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорын жергілікті картоппен қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр» ӘКК «Тоған» шаруа қожалығымен бірлесіп 500 тонна картоп егу жобасын жүзеге асыруда, бұл көлем күзде тұрақтандыру қорына жеткізілетін болады.

Үстіміздегі жылдан бастап әлеуметтік дүкендерді тікелей тауарөндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру тәжірибесін қолдану басталды. А.ж. мамыр айында әлеуметтік дүкеннің біреуі сиыр етін өндіретін «Сыр маржаны» ЖШС –не берілді.

Нәтижесінде, дүкен орналасқан аумақтағы сиыр етінің бағасы өзге сауда орындарымен салыстырғанда орташа 100 теңгеге төмендеді.

Қазіргі уақытта қалада орналасқан тағы бір дүкен Шиелі ауданындағы «Мөлдір и К» құс фермасына берілді.

Келесі әлеуметтік дүкенді сүт өнімін өндіретін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру мәселесі қолға алынуда.

Сонымен қатар, әлеуметтік дүкендер жүйесі ұлғайтылуда. Биыл қосымша 5 жаңа әлеуметтік дүкен салынуы жоспарлануда.

Сонымен бірге, тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес облыс және аудан орталықтарында сәуір айынан бастап апта сайын азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілуде. Жыл басынан осы уақытта дейін  48 жәрмеңке өткізіліп, 320,18 млн. теңгенің 1653,86 тонна өнімдері сатылды.

 


Ауыл шаруашылығы

 

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 6,9 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғада өсім 2,4% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 142,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 20,0 есеге артты. Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,9 млрд. теңге бөлінді.

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 сәуірін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,7%-ға, қой мен ешкі 3,5%-ға, жылқы 13,8%-ға, түйенің саны 3,3%-ға, құстың саны 2,6%-ға көбейді. Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,5%-ға, сүт өндіру 2,6%-ға, жұмыртқа өндіру 3,7%-ға өсті.

Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 6,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,6% артты. Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2017 жылдың наурыз айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 102,7% (республика бойынша 103,2%) құрады.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша

2017 жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар. Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы  дақылдар   7,4 мың, мал азықтық дақылдар 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, дайындалған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары жүргізілуде. Облыста егін егу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 10649 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 7608 гектар жаңа жоңышқа (о.і. 622 га жаздық бидаймен, 560 га мақсарымен, 20 га арпамен бүркемеленген), 780 гектар мақсары және 830 гектар жаздық бидай, 50 гектар жаздық арпа, 10 гектар сұлы егіліп отыр. 2017 жылдың егісіне қажетті 51,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың 33,5 мың тоннасы (65,4%) алынды.

Сонымен қатар, қажеттілігі 64,5 мың литрді құрайтын гербицидтердің 4,7 мың литрі (7,3%) сатып алынды.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1830 трактор, 491 соқа, 245 тұқым сепкіш, 394 автомашина және 905 трактор тіркемесі қатысуда.

Облыстың көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 3,5 мың тонна арзандатылған дизель отынына толық жеткізіліп, оның 1,1 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылды.

Тұқым шаруашылығы бойынша

2017 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштен 23355 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 9,6 тоннасы (0,04%) көбейтілген тұқым, 68,8 тоннасы (0,3%) супер элита, 848,1 тоннасы (3,6%) элита, 8308,5 тоннасы (35,6%)  І репродукциялы тұқым, 9746 тоннасы (41.7%) ІІ репродукциялы тұқым, 3024 тоннасы (12,9%) ІІІ репродукциялы тұқым, 1300 тоннасы (5,5%) ІV репродукциялы, 50 тоннасы (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр.

Дайындалған 23355 тонна күріш тұқымының - 3700 тоннасы Маржан, 5269 тоннасы - Янтарь, 11401 тоннасы - Лидер, 205 тоннасы - Анаит, 445 тоннасы - КазЕр-6, 600 тоннасы - Новаторь, 1505 тоннасы - Фаворит, 225 тоннасы - Айсәуле, 5 тоннасы - КазНИИР-5 сорттары.

«КазАгрЭкс» АҚ облыстық филиалының мәліметі бойынша дайындалған 23355 тонна күріштің себу дәрежесіне жеткені 12934,35 тонна, яғни 62,3 %. Оның ішінде 2206,85 тоннасы (17,1%)  1-класс, 6156 тоннасы (47,6%) 2-класс, 4571,5 тоннасы (35,3%) 3-класс. 

Тұқым шаруашылықтарының беріп отырған мәліметтеріне сәйкес    2017 жылдың егісіне  дайындалған  жоғары репродукциялы 19 мың тонна күріш тұқымы бар, оның 6495 тоннасы шаруашылықтарға сатылды.

Сонымен қатар биыл сорт жаңарту, сорт алмастыру мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен жоспарланған 300 тонна элиталық күріш тұқымының 134 тоннасы "Агро Холдинг Байқоңыр" ЖШС-не жеткізілді.

"Казагрэкс" сараптамалық зертханасының мәліметі бойынша  ақ егіске дайындалған тұқымдардың ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілді. Жаздық бидай тұқымы 684,3 тонна (100%), арпа тұқымы 218,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 10,2 тонна (100%), жүгері тұқымы 2,6 тонна (100%), жоңышқа тұқымы 140,7 тонна (100%), түйе жоңышқа тұқымы 4,9 тонна (100%), мақсары тұқымы 108,72 тонна (100%) себу дәрежесіне жеткізілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау мақсатында 4 930 416 теңге игеріліп 2424 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы қолда бар астықтың мониторингі ай сайын және астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық қозғалысының есебі  апта сайын жүргізілуде.

Мал шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылдың 1-сәуіріне 298,8 мың бас мүйізді ірі қара, 683,8 мың бас қой мен ешкі, 114,1 мың бас жылқы, 40,6 мың бас түйе, 2,7 мың бас шошқа және 86,4 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,7%-ға, қой мен ешкі 3,5%-ға, жылқы 13,8%-ға, түйе 3,3%-ға өссе, құстың саны 2,6%-ға көбейді.

2016 жылдың 4 айында облыс бойынша барлығы 7683,3 тонна ет, 16273,4 тонна сүт өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше 2,5% және 2,6% құрап отыр.

Биылғы жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен  бөлінген 1408,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржының ағымдағы жылдың сәуір айында 465,2 млн. теңгесі игеріліп, 146 шаруашылық субсидия алды.

Ағымдағы жылы да «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жалғасын тауып, «Сыбаға» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 2100 бас аналық сиыр сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 45 шаруашылық  1660 бас сиыр және 82 асыл тұқымды бұқа сатып алып, жоспар 79,0%-ға  орындалды.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл жоспарға сәйкес 1000 бас аналық қой сатып алу жоспарланған. Осыдан 8 шаруашылық 1153 бас қой және 134 қошқар сатып алып, жоспар 115,3%-ға  артығымен орындалды.

«Құлан» бағдарламасына сәйкес биыл облыс бойынша 500 бас бие сатып алу жоспарланған.

Осыдан бүгінгі күні 4 шаруашылық 116 бас  бие және 10 бас асыл тұқымды айғыр сатып алып, жоспар 23,2 пайызға орындалып отыр.

Мал бордақылау алаңы

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 2011-2015 жылдары 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу  жоспарланған. Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өз қаржыларына салынған 2,2 мың бастық  18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. 2015 жылы 6,0 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан  салынды.

Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңында 460 бас ірі қара малы бағылуда. Бүгінгі күні Ресейге, Иранға экспортқа ет шығару мәселелері қарастырылуда.

Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңына бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы қаржы бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абай-Даулет» ЖШС 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен  жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні 2100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қой сатып әкелініп, өсірілуде.

Тұқым түрлендіру

2017 жылдың 1 сәуірге статистика агенттігіне облыс бойынша 127,0 мың  бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 16,8 мың бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.

Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 13,2%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 36,0 % құрап отыр.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы

2017 жылдың қаңтар-науыз айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 6,8 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,6% құрады.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-науыз айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2017 жылдың қаңтар-науыз айында  43 414 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 121,3%- ға артқан.

Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар-науыз айында күріш 21,3%, балық 19,5%-ға артқан.

Ауыл шаруашылығы кооперативін құру

2017 жылы облыс бойынша 178 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 54, егіс саласында – 39, көпсалалы – 85. Құрылған кооперативтерге барлығы 1214  мүшелер біріккен.

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша азық-түлік тауарларының жыл басындағы бағаларын наурыз айымен салыстырғанда  облыс бойынша –102,7 %-ды (республика бойынша – 103,2 %-ды) құрады.

 Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту шараларын қабылдау бойынша жұмыс тобымен  1  рет мәжіліс өткізілді.

Сонымен бірге, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларының нарықтағы бағаларын тұрақтандыру, негізсіз өсуіне және жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында 2 рет жедел штаб отырысы, өткізіліп, мемлекеттік органдарға және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, өңірлік тұрақтандыру қорының комиссиясымен тауар интервенцияларын жүргізу бойынша 1 рет отырыс өткізіліп, тиісті шешімдер мен шаралар қабылданды.

2016-2017 жылдарға өңірлік тұрақтандыру қоры және әріптес компанияларымен 1,6 млрд. теңгеге 16185 тонна көлемінде сатып алу және тауарлық интервенциялар жүргізу келісілді.

Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия шешімімен 2016-2017 жылдар  аралығына барлығы 7832 тонна (макарон-224 тонна, өсімдік майы – 357,1 тонна, қарақұмық жармасы – 102 тонна, 1 сортты ұн – 5968 тонна, ет – 255 тонна, шай – 8,5 тонна, қант – 918 тонна) азық-түлік тауарларын сатып алу туралы шешім қабылданып, осы көлемнен 570,5 тонна өнім сатып алынды. Жалпы бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 862,1 тонна өнім сақталып, 13 «Дәмді» әлеуметтік дүкендері және аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.

Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Байқоңыр» ӘКК-сы мен «Мирас» сауда үйі арасында  жасалған әріптестік келісім негізінде жыл басынан бері 2472,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды. Әріптестік оң нәтиже бергендіктен келісім 2019 жылға дейін ұзартылды. 

Сонымен қатар, облыс орталығында азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып нарықты өнімдермен молайту мақсатында жыл басынан бері Қызылорда қаласында өткізілген 15 жәрмеңкеде облыс  ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен 113,52 млн. теңгеге  633,1 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру үшін жоспарға сәйкес биылғы жылға республикалық бюджеттен 1 765 000 мың теңге несие беру қарастырылған, бағдарламаның ережесіне сәйкес ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі арасында үш жақты кредиттік шартқа қол қойылу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағдарламаға сәйкес, бағдарлама қатысушысы ауыл шаруашылығы саласында өз кәсібін жасау үшін 8000 АЕК дейін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 пайызбен, 7 жылға дейін несие ала алады.

Сонымен қатар, бағдарламаның аясында Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру мақсатында облыстық бюджеттен 184 957 млн. теңге бөлініп, «Қаз Агро Кепіл» АҚ арқылы бағдарлама қатысушыларды кепілдендіретін  болады.

 


Ауыл шаруашылығы

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға 2016 жылы   9,1 млрд. теңге бөлініп, 2015 жылмен салыстырғанда 11,1% артты.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 79,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 7,3% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 2016 жылы 3822,3 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 712,6 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 33,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,3%-ға артты.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша

2016 жылы облыс бойынша барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егілген егіс көлемі өткен жылмен (2015 жылы 167,3 мың га) салыстырғанда 1212 гектарға артық.

Атап айтқанда, барлығы 20377 га жаңа жоңышқа, 3348 га жаздық бидай, 507 га дәндік жүгері, 160 га жаздық арпа, 407 га тары, 210 га сұлы 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ және 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. Негізгі дақыл – күріш көлемі 79598 га.

Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып,  2016 жылы 169,3 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 86932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды.

Атап айтқанда, 8446 тонна бидай, 235,6 тонна арпа, 25 тонна сұлы өнімі жиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда бидай дақылы 6,4 мың тоннаға, арпа дақылы 155,6 тоннаға артық жиналды. Жалпы бидай өнімділігі   (15,3 цн/га) 3,6 центнерге, арпа өнімділігі (14,7 цн/га) 7,2 центнерге артты.

Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна  күріш салысы жиналды. Атап өту қажет, өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық жиналды.

Сондай-ақ, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. Бұл күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Әртараптандару бағытындағы дақылдардың көлемі, атап айтқанда, жоңышқа – 781 га, күздік және жаздық бидай – 3559 га, арпа – 42 га, сұлы – 148 га, дән жүгері – 81 га, тары – 42 га, картоп – 560 га, көкөніс – 170 га және бақша дақылдары – 667 га артық егілді. Жалпы егіс көлемі 1212 га өткен жылдан  артық орналасты. Майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды.Мақсары дақылының орта өнімі гектарына 8,2 центнерді құрады.

Сонымен қатар,  4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 гектар бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (61552 тонна - 2015 ж.), 96732 тонна көкөніс (84814 тонна – 2015 ж.) және 151514 тонна бақша өнімдері (130270 тонна – 2015 ж.) жиналды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал азығын дайындау ұйымшылдықпен атқарылып, барлығы 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан дайындалды.Сонымен қатар, 100 гектар мал азықтық асқабақ жиналып алынды.

Машина-трактор паркін жаңалау жұмыстары соңғы жылдары қарқын жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. 2016 жылға «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 97 дана техникаға өтінім қабылданды. Жалпы сомасы  3033,3 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды.Лизингке алынған техникалар саны 55,9%-ға жаңаланды.

2016 жылы егін жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты.

Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, жеткізуші-операторлар дизель майының литрін  90 теңгеден шаруашылықтарға жеткізу қамтамасыз етілді.

Белгіленген жеткізуші операторлар күзгі дала және егін жинау жұмыстарына бөлінген 14 мың тонна дизель отынына  қаржысын толық аударып, жанар майды бекітілген кестеге сәйкес шаруашылықтарға мерзімінде таратты.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 48,8 мың га сүдігер көтеріп, 3,1 мың га күздік бидай егілді. Сүдігер көтеру және күздік бидай егу жұмыстары аяқталды.

Тұқым шаруашылығы бойынша

Сорт жаңарту және алмастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді.

Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі  137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық  тұқымын алып, барлығы 1300 гектар жерге екті.

Қазіргі таңда осы 2 шаруашылық келісім шарттары бойынша  жинаған өнімдерінен "Агрохолдинг Байқоңыр" ЖШС-не 5200 тонна  І репродукциялы күріш тұқымын өткізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде нақты егілген 80065 гектар күріш егістігіне себілген 22903,3 тонна тұқымның 99,7 пайызы (22833,8 тонна) жоғары репродукциялы тұқыммен егілді. 

Тұқым шаруашылықтарының беріп отырған мәліметтері бойынша    2017 жылдың егісіне дайындалған жоғары репродукциялы (суперэлита- ІІІ) репродукцияға дейінгі)  өздеріне дайындаған тұқымдарын қоса алғанда) күріш тұқымының көлемі - 25021 тоннаны құрап отыр, оның 6495 тоннасы 2017 жылдың егісі үшін шаруашылықтарға сатылды. Қазіргі таңда тұқым шаруашылықтары бойынша сатылатын 13069 тонна жоғары репродукциялы  күріш тұқымы бар.

2017 жылға  ауыл шаруашылығы құрылымдарын жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік  бар.

Мал шаруашылығы саласы бойынша

Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына 270,2 мың бас мүйізді ірі қара, 618,1 мың бас қой мен ешкі, 98,3 мың бас жылқы, 38,6 мың бас түйе, 2,4 мың бас шошқа және 85,1 мың бас құс өсірілуде.   

2017 жылдың 1 қаңтарын өткен  жылмен  салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,4%-ға, қой мен ешкі 8,4%-ға, жылқы 0,8%-ға, түйенің саны 3,2%-ға көбейді.

Облыс бойынша барлығы 34166,3 тонна ет, 83681,0 тонна сүт өндірілді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім тиісінше 3,6% және 1,1%, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға артты.

2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен бөлінген 2708,8 млн.теңге қаржы толық игеріліп,  520 шаруашылық субсидия  алды.

Беріліп отырған мемлекеттік қолдаудың арқасында 1235 бас асыл тұқымды ірі қара, 8481 бас асыл тұқымды қой, 324 бас асыл тұқымды жылқы  және 25 бас түйе малы сатып алынды.

2017 жылдың 1 қаңтарына 12791 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылып, жоспар 102,1 % орындалды. Қолда бар 138,3 мың аналық сиырдың 44,6 мың басы немесе 32,2% тұқым түрлендіру жұмыстарына қатысуда.

Облыс бойынша 2017 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 660,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан 697,1 мың тонна  шөп (оның ішінде 177,1 мың тоннасы жоңышқа шөбі) дайындалды, немесе жоспар 105,6%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 32,4 мың тоннаға артық. Сонымен қатар, Қазалы ауданы ғана 8,2 мың тонна жүгері сүрлемін дайындады.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске асырылып, шаруашылықтарды жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуде.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 4200 бас аналық сиыр және 142 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 114 шаруашылық 910,0 млн. теңге несие алып, 5259 бас сиыр және 245 асыл тұқымды бұқа сатып алды, немесе жоспар 125,2 %-ға артығымен орындалды.

 «Алтын асық» бағдарламасына жоспарға сәйкес 1200 бас аналық қой және 42 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан 18 шаруашылық 61,7 млн. теңге несие алып, 2470 бас қой және 98 қошқар сатып алып, жоспар 2,1 есеге артығымен орындалды.

«Құлан» бағдарламасына сәйкес облыс бойынша 1025 бас бие және 72 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған.

Осыдан 41 шаруашылық 300,8 млн. теңге несие алып, 1013 бас бие және 106 асыл тұқымды айғыр сатып алып, жоспар 98,8 пайызға орындалып отыр.

Ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 2011-2015 жылдары 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өз қаржыларына салынған 2,2 мың бастық 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары 6,0 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан  қосылды.

Атап айтқанда, Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңын 2015 жылдың аяғында іске қосты. 2016  жылы 500 бас малды етке сойып, 100 тоннадан астам сиыр етін облыс көлемінде сатуды қамтамасыз етті. Қазіргі таңда шаруашылықта 128 бас ірі қара малы бордақылануда.

2016 жылдың 14 қарашасында «Сыр маржаны» ЖШС-гі «Ветеринариялық санитариялық шараларды кеден одағына қолдану туралы» Кеден одағының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 317 шешіміне сәйкес, ЕАЭО аумағы ішінде (ЕАЭО мүше елдерінің ветеринариялық талаптарға сәйкес шаруашылықтар тізімі) реестрге №242 болып тіркеліп, алдағы уақытта Ресей Федерациясына экспортқа ет шығаруды жоспарлап отыр.

Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыруда.

Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Абай-Даулет» ЖШС 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен  жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады.Бүгінгі күні 2100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қой сатып әкелініп өсірілуде.

Тұқым түрлендіру

2017 жылдың 1 қаңтарына  облыс бойынша 138,3 мың  бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 44,6 мың бас аналық сиыр және 1,4 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 32,2%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 34,0 % құрап отыр.

Инвестиция және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 33,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,3%- ға артып отыр.

Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында   169 564 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,3%- ға артқан.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жас немесе тоңазытылған ет 65,5%-ға, шұжық 5,2%-ға, балық 19,5%-ға, өңделген сұйық сүт 65%-ға, шұбат 3,4 есеге  және күріш 10,3%-ға  артқан.

Кооперация

2016 жылы облыс бойынша 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 34, егіс саласында – 34, көпсалалы – 65. Құрылған кооперативтерге барлығы 746 фермерлік шаруашылықтар біріккен.

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда.

Инвестициялық субсидия

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидиялау бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия төленіп келеді.

2016 жылы инвестициялық субсидиялауға бюджеттен 930,7 млн. теңге қаржы бөлініп, барлығы 905,2 млн. теңге игерілді. 42 техника сатып алынып, 26 құдық қазылды,1-құрама жем зауыты, 1 қарқынды алма бағы,  2-тамшылатып суару жабдығына барлығы 905,2   млн. теңге субсидия төленді. 

Инвестициялық жобалар

Ағымдағы жылдың наурыз айында Шиелі ауданында жоба құны 45,0 млн. теңгені құрайтын,  «Аруана-Шұбат» шағын шұбат өңдейтін цехы іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданында жоба құны 100,0 млн. теңгені құрайтын, «Игіліков Т» шаруа қожалығының қуаттылығы тәулігіне 5 тонна балық сүбесін өндіретін кәсіпорыны іске қосылды, 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

2017 жылы жалпы құны 4356 млн. теңгені құрайтын 4 ірі жоба, көлемі 5,2 гектарлық  автоматтандырылған 2 жылыжай, қуаттылығы жылына 1500 тонналық құс етін өндіретін құс фабрикасы, қой бордақылау алаңы мен  жылына 250,0 тонна қозы етін, қуаттылығы тәулігіне 3 тонналық шұжық өнімдерін өндіретін кешеннің іске қосылуы жоспарлануда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Ресми статистикаға сәйкес  азық-түлік тауарларының желтоқсан айындағы бағаларын жыл басымен салыстырғанда индексі облыс бойынша 110,1% (Республика бойынша-109,7%) құрады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша индекс 110,9 пайызды құраса, республика бойынша 112 пайызды құрады.

2016-2017 жылға жалпы құны 1686,6 млн. теңгенің тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында 16184,5 тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы көлемнен 283,5 млн. теңгеге  919 тонна өнім сатып алынды.

Жалпы облыстың тұрақтандыру қорында 2 304,7 тонна өнім сақталып, 13 «Дәмді» әлеуметтік дүкендері және аудан орталықтарында орналасқан операторлардың сауда үйлері арқылы сатылуда.

Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Мирас» сауда үйі арасында жасалған әріптестік келісім негізінде 2016 жылы  15042,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды.

«Мирас» сауда үйі арқылы 2016-2017 жылдар аралығында облысты 8 607 тонна ет, картоп және көкөністермен нарық бағасынан 15 пайыз төмен бағада қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды. Бүгінгі күнге осыдан 118,6 тонна жеткізіліп сатылды.

Сонымен қатар, облыс орталығында азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып нарықты өнімдермен молайту мақсатында 2016 жылдың басынан бері Қызылорда қаласында өткізілген 60 жәрмеңкеде облыс тауарөндірушілерімен 823,1 млн. теңгеге 6 362,7 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Бүгінгі таңға облыста мемлекеттен нан бағасын реттеуге бөлінген 1496 тонна арзандатылған ұн көлемдері қалды.

2017 жылдың ақпан айынан бастап,әлеуметтік ұн көлемдері таусылғаннан кейін ӘКК-ның айналымдағы қаражаттарының есебінен коммерциялық негізде Қостанай өңірінің «Алтын Асық» ЖШС-нен 83 теңгеден 340 тонна арзандатылған ұнмен қамтамасыз етіп 87 теңгеден сату жоспарланып отыр.

 Әрі қарай, наубайханаларды одан да төмен бағада, ұнмен қамтамасыз ету мақсатында солтүстік астық өндірушілерден тікелей астық сатып алып, ұн өндіру комбинаттары арқылы қайта өңдеп, үздіксіз қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 


Ауыл шаруашылығы

         Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 54,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім  5,7% құрады.

         Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 3344,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,1 есеге артты.

         Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 327,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге артты.

         Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы  8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты.

        Егін шаруашылығы

        Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып, ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша  86 932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды. Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна күріш салысы жиналып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды.

        Өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық.  Сонымен қатар, әртараптандыру бағытындағы майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 га бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (2015 жылы - 61552 тонна), 96732 тонна көкөніс  (2015 жылы - 84814 тонна) және 151514 тонна бақша өнімдері (2015 жылы -130270 тонна) жиналды.

        Жиналған дақылдардың орташа өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Атап айтқанда, күздік бидайдан 15,7 ц/га, жаздық бидайдан  14,9 ц/га, арпадан 14,7 ц/га, дән жүгеріден 33,6 ц/га, тарыдан 23,2 ц/га, сүрлем жүгеріден 109,8 ц/га және мақсарыдан 7,8 ц/га, күнбағыстан 13,7 ц/га өнім алынды.

        Күріш жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка,  402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты. Облыста мал азығы үшін 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан шөп дайындалды.

       Бүгінгі күні облыс бойынша 22055 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. Тұқым шаруашылықтары дайындаған тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізу жұмыстарын жүргізуде.

        Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 5771 га сүдігер көтеріп, 1000 га күздік бидай екті. Күздік бидай және сүдігер көтеру жұмыстары жалғасуда.

        Мал шаруашылығы

       Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қазанына 279,1 мың бас мүйізді ірі қара,  669,3 мың бас қой мен ешкі, 104,9 мың бас жылқы, 39,8 мың бас түйе және 98,6 мың бас құс өсірілуде. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда мүйізді  ірі қара 5,8%-ға, қой мен ешкі 5,4%-ға, жылқы 10,2%-ға, түйе 6,0%-ға, құс 0,5%-ға көбейді.

       Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

        Есепті кезеңде барлық шаруашылық құрылымдарында өндірілген ет (тірілей салмақта) 5,6%, сиыр сүті 1,2%, жұмыртқа 1,5% көбейді. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарын қоса алғанда барлық агроөнеркәсіп құрылымдарында өндірілген ет, сүт өнімдерінде өсу динамикасы байқалады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылық құрылымдарында ет өндіру 3,7 мың тоннаны құрап, 37,0%-ға артты. Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы сүт өндіру 9,0 мың тоннаны құрап, 2,8%-ға көбейді.

       «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру туралы

        Тұқым түрлендіру

        Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 127,0 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 32,4 мың бас аналық сиыр және 1,4 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 25,6%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 82% құрап отыр.

       «Сыбаға» бағдарламасы. Бағдарлама аясында үстіміздегі жылы 3200 бас аналық сиыр және 108 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 72 шаруашылық   651,9 млн. теңге несие алып, 3698 бас сиыр, (177 бас бұқа) сатып алды немесе жоспар 115,6%-ға орындалды. Бүгінгі күні 24 шаруашылықтың 195,7 млн. теңгеге 1278 бас сиыр (33 бұқа)  сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.

       «Алтын асық» бағдарламасы. Бағдарламаға сәйкес 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан  6 шаруашылық  29,2 млн. теңге несие алып, 1140 бас қой, (54 қошқар) сатып алып, жоспар 19,7% орындалды. Бүгінгі күні 8 шаруашылықтың 46,0 млн. теңгеге 2205 бас қой  сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.

       «Құлан» бағдарламасы. Бағдарлама бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған, осыдан 17 шаруашылық 148,4 млн. теңге несие алып, 494 бас бие, (49 айғыр) сатып алды, жоспар 21,3% орындалып отыр. Бүгінгі таңда 16  шаруашылықтың 100,6 млн. теңгеге 352 бас жылқы сатып алуға тапсырған құжаттары  «АНК» АҚ-да комиссиядан сараптамадан өтуде.

        Мал бордақылау алаңы

        2011-2015 жылдарға 5,0 мың бастық мал бордақылау алаңын салу  жоспарланған. Облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өз қаржыларына салған 2,2 мың басқа арналған 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.  Сонымен қатар 3,5 мың бастық мал бордақылау алаңдары жаңадан салынды.

      Атап айтқанда, Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС-гі ветеринариялық пунктпен, таразымен, заманауи мал сою пунктімен қамтылған 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтап, өткен жылдың аяғында  іске қосты. Ағымдағы жылдың басынан бері кәсіпорында 500 бас МІҚ малы бордақыға қойылып, 370 басы етке сойылды, 61 тоннадан астам сиыр етін аудан және Байқоңыр қалаларының тұрғындарына сатуды қамтамасыз етті.

       Бүгінгі күні кәсіпорында 166 бас мал бордақылануда тұр. Сонымен қатар,  осы мал бордақылау алаңының қуаттылығын 3000 бас мал бордақылауға жеткізу мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бір мезгілде бордақыланатын 3000 бас мал тұратын орынға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 15 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ет кластерін жасау үшін бордақылау алаңының жанынан шағын консервілеу зауытын салу жоспарланып, дайындық жұмыстары басталды.

       Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақыға қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыруда.

       Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Даулет» ЖК 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 2100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қой сатып әкелініп өсірілуде.

        Қолдан ұрықтандыру

       Мал тұқымын асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыруға үстіміздегі жылы 42,1 млн. теңге қаржы қаралып, шаруа және фермерлік қожалықтардың меншігіндегі 10525 бас МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыру жоспарланып отыр. Осыдан қазіргі 10 337 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылды.

        Өңдеу саласы

       2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының статистикалық қорытынды мәліметтеріне сәйкес облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 25,0 млрд. теңгені, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 11,8% құрады.

       Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, күрішті өңдеу артып отыр. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 119971 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2%- ға артқан.

        Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айында сары май 1,5%-ға, өңделген сұйық сүт  94,2%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 99.4%, балық 65,0%-ға,  шұжық 10,8%-ға артқан.

         Ауыл шаруашылығы кооперативін құру

        Облыс бойынша 92 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып (мал шаруашылығы саласында – 17, егіс саласында – 21, көпсалалы – 46, су шаруашылығы – 1, сүт өнімдерін өндіру - 1), оның ішінде 85 кооператив әділет департаментінде тіркелсе, 7 кооперативтің құжаттары әділет департаментіне тіркеу үшін тапсырылған. Құрылған кооперативтерге барлығы  495 шаруашылықтар біріккен. Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда.

        Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 29,2 млрд. теңгенің 17  инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Жаңа 1174 жұмыс орнын ашу көзделуде.

          Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Статистикалық мәліметке сәйкес азық-түлік тауарларының жыл басындағы бағаларын қыркүйек айымен салыстырғандағы индексі облыс бойынша – 104,4%-ды  (Республика бойынша – 104,9%-ды) құрайды.

        Бүгінгі күнгі әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің бағаларын ағымдағы жылдың 4 тоқсанына белгіленген шекті мәнімен салыстырғанда 5 азық-түлік тауарларының бағалары (қарақұмық жармасы – 27,1%, 1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нан бағасы – 9,6%,тауықтың сан еті - 7,5%, қой еті сүйектерімен -  0,1%, қант - 6,2%) көтерілді.

        Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты өнімдермен молайту мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорында қазіргі таңда 2564,4 тонна өнім (өсімдік майы-2,9 тн, қант – 161,3 тн, шай – 0,1 тн, күріш – 578,9 тн., ұн – 716,52 тн, картоп-618 тн, жуа-200 тн, сәбіз-150 тн, құс еті-74,8, макарон-62 тонна,) сақталып, 13 әлеуметтік-сауда дүкендері және «Аль-Асад» сауда үйімен жаңадан жасалған әріптестік келісім негізінде қала мен аудандарда орналасқан 17 сауда орындары арқылы сатылуда. Аталған өнім көлемдерінен фъючерстік келісім негізінде тұрақтандыру қорына сатып алынған және өндірушілердің жауапты сақталуында 2017,7 тонна өнім бар, оның ішінде: (күріш-573 тн, картоп- 618 тн,құс еті-74,8 тн, макарон-62 тн, пияз-200 тн, сәбіз-150 тн, ұн -340 тн,).

       Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және нарықта инфляция әсерін тежеу үшін тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары арқылы жүргізілуде.

        Облыста нан бағасын реттеу мақсатында 2015 жылы 39416 тонна әлеуметтік ұн бөлінген болатын (27591,2 тонна ұн). Бұл көлемнен облысқа 3188,1тонна ұн көлемі жеткізілмеді.(«Кустанайская мукомольная компания» ЖШС-нен 811,8 тонна, «RANNAR» ЖШС-нен 2376,3 тонна).

        Бұл ұн көлемдері таусылғаннан кейін, наубайхана иелерінің сұраныстарына сәйкес ұн өндіруші кәсіпорындармен келісімдер жасалып арзан ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады.

         Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде 2015 жылы 17792 тонна өнім сатылған болса, 2016 жылы 12758,0 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды. Әріптестік келісімнің нәтижесі оң әсерін бергендіктен, ӘКК тарапынан 20 млн. теңге қосымша қаражат бөлініп, келісім 2019 жылға дейін ұзартылды.

        Жыл басынан Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 30 жәрмеңке өткізіліп, 332,3 млн. теңгенің 3458,6 тонна өнімдері нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

      Өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында облыс әкімдігі мен Астана, Ақтөбе облысы әкімдіктері арасында Меморандум жасалды. Меморандум аясында ағымдағы жылдың 13-16 қазан аралығында облыста Ақтөбе облысы күндері өткізіледі. Ағымдағы жылдың 15 қазаны күні Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.


Ауыл шаруашылығы

          Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 14,2 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,9% құрады.

          Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 15,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 9,8% артты.

        Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 9,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 22,1% құрады.

         Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 224,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 193,0% артты.

         Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты.

       Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2016 жылдың маусым айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,9% (республика бойынша 105,0%) құрады.

         Егін шаруашылығы

        Қызылорда қаласы және аудандармен берілген жедел ақпаратқа сәйкес бүгінгі күнге барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1158 гектарға артық егілді.

        Биылғы егістікке қажетті 339 тонна күздік, 689 тонна жаздық бидай, 27 тонна арпа, 163 тонна мақсары және 209 тонна жоңышқа және 22601 тонна күріш тұқымы пайдаланылды. Сорт жаңарту, сорт ауыстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 75,5 млн. теңге қаражат бөлініп, Краснодар өлкесінен 335 тонна күріштің элиталық тұқымы әкелініп,1300 гектар жерге егілді.

       Өткен жылдың күз айларында 2183 гектар күздік бидай егіліп, 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артық егілді. Сонымен қатар, биыл 20377 га жаңа жоңышқа, 3319 га жаздық бидай, 160 га жаздық арпа, 210 га сұлы, 507 га дәндік жүгері, 407 га тары және 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, дақылдары егілді.

       Сонымен бірге, биылғы жылы 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ, 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріш – 79598 гектарға егіліп, меже 104,3 пайызға орындалды. Қазір кезде егістікті күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.

        Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аудандармен берілген ақпаратқа сәйкес, межеленген 69,7 мың гектар күріш егісінің 50,4 мың гектары (72,3%) тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, арам шөптерге қарсы өңдеу межеленген 69,1 мың гектар егістің 55,1 мың (79,7%) гектары өңделді. Үстеп қоректендіру және өңдеу жұмыстары жалғасуда.

       Сонымен бірге, Қазіргі уақытта Жаңақорған және Шиелі аудандарында күздік бидай жинау жұмыстары басталды. Есепті кезеңде барлық егілген 2183 гектар күздік бидай дақылының 623 гектары (28,5%) жиналды. Орта өнім гектарына 17,3 центнерден (2015 жылы 12,6 ц/га) келуде.

       Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылын жинау жұмыстарын атқаруда. Есепті кезеңде межеленген 38,4 мың гектар жоңышқаның 34,7 мың гектары орылды. Барлығы 73,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 23,9 центнерден келуде. Сонымен қатар, 39,1 мың тонна табиғи шөп дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

       2016 жылғы облыс бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы  29,9 мың га, күріштің жағалық шыбынына қарсы 4,5 мың га жер өңдеу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта саяқ шегірткеге және күріштің жағалық шыбынына қарсы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды.

      Сонымен қатар, облыс бойынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері итальяндық прус және азиялық шегіртке қоныстанған 161,2 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды.

      2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан 327 текше метр су түсіп, төменге секундына 600 текше метр су тасталуда. Қоймадағы судың көлемі 4,8 млрд. текше метрді құрайды.

      Көксарай су реттегішінде жиналған судың көлемі 247,5 млн. текше метр болып отыр. Қызылорда облысының шекарасына келіп жатқан су көлемі секундына 820 текше метрді құрайды. Шаруашылық құрылымдары егіске қажет суармалы сумен толық қамтамасыз етілуде.

      Мал шаруашылығы

      Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 292,8 мың бас мүйізді ірі қара, 758,9 мың бас қой мен ешкі, 108,6 мың бас жылқы, 43,3 мың бас түйе, және 83,2 мың бас құс өсірілуде.

Мал басын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4 %-ға, қой мен ешкі 3,1 %-ға, жылқы 12,8 %-ға, түйе 8,6%-ға өскен. Ет өндіру 14872 тоннаға (5,3%-ға), сүт өндіру 37083 тоннаға  (1,4 %-ға) көбейген.

      2015 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында сойылған малдың бір басының орташа салмағы 275 кг құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға, ал бір сиырдан орташа сауылым 2015 жылы 1184 кг болып, 2014 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артты.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен үстіміздегі жылы 2408,2 млн.теңге қаржы қаралып немесе былтырғымен салыстырғанда 5,3%-ға артық қаржы бөлініп отыр. Осыдан бүгінгі күнге қаржылық жоспарға сәйкес 750,0 млн. теңге игеріліп, 146 шаруашылық субсидия алды.

      «Сыбаға» бағдарламасы

      Бағдарлама аясында үстіміздегі жылы 3200 бас аналық сиыр және 108 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы  38 шаруашылық 371,3 млн. теңге несие алып, 2100 бас сиыр, (105 бас бұқа) сатып алды, немесе жоспар 65,6%-ға орындалды. 

      «Алтын асық» бағдарламасы

      Бағдарламаға сәйкес 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған. Осыдан 4 шаруашылық  22,1 млн. теңге несие алып, 845 бас қой, (26 бас қошқар) сатып алып, жоспар 14,6 %-ға орындалды.

       «Құлан» бағдарламасы

       Бағдарлама бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған, осыдан 9 шаруашылық 97,3 млн. теңге несие алып, 325 бас бие, (35 бас асыл тұқымды айғыр) сатып алды, жоспар 14,0 пайызға орындалып отыр.

       Мал бордақылау алаңы

      Облыста «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

       Бүгінгі күні облыста тауарөндірушілердің өз қаржысы есебінен салынып іске қосылған жалпы қуаттылығы 2220 бас ірі қара малына арналған 18 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр.

       Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын өткен жылдың аяғында іске қосып, бүгінгі күні өз өнімдерін облыс халқына ұсынып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықта 370 бас ірі қара малы бағылуда.

       Сырдария ауданындағы «Шаған Жер» ЖШС-і 3000 бас мүйізді ірі қара малдарын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқтап, бордақығы қоятын МІҚ малдарын алуға қаржы көздерін қарастыру үстінде.

      Сонымен қатар, Сырдария ауданында «Абзал и К» ЖШС-нің базасынан «Даулет» ЖК 10,0 мың бастық қой бордақылау алаңы мен жылына 250,0 тонна қозы етін өндіретін кешеннің құрлыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 2,2 мың бас қой сатып алынып. Мал бордақылау кешені үстіміздегі жылдың қыркүйек айында іске қосылады деп күтілуде.

       Тұқым түрлендіру

       Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 127,0 мың  бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні 31,8 мың бас аналық сиыр және 1,2 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда.

       Аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы 25,0%, асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 94,0% құрап отыр (Республиканың орта көрсеткіші тиісінше 27,0 және 94,0.

       Қолдан ұрықтандыру

       Мал тұқымын асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыруға үстіміздегі жылы 42,1 млн. теңге қаржы қаралып, шаруа және фермерлік қожалықтардың меншігіндегі 10525 бас МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыру жоспарланып отыр. Осыдан қазіргі 5677 бас МІҚ малы қолдан ұрықтандырылды.

        Ауылшаруашылық өнімдерді өңдеу

       2016 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 15,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ға артып отыр.

       Облыстағы тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі өнім күріш болып табылады. 2016 жылдың қаңтар-маусым айында 82 111 тонна күріш жармасы өңделіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118,4%- ға артқан.

      Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында сары май 100%-ға, өңделген сұйық сүт 195,6%-ға, жас немесе тоңазытылған ет 2,1 есеге, балық 175,3%-ға, шұжық 110,7%-ға артқан.

       Кооперация

     Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне барлығы 63 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оған барлығы 264 шаруашылықтар біріккен (оның ішінде 18-мал шаруашылығы саласы, 13-егіншілік саласы, 32-көпсалалы кооператевтер).

       Инвестициялық жобалар

       Алдағы 2016-2017 жылдары АӨК саласында жоба құны 21,7 млрд. теңгенің 8 жобасын іске қосу жоспарлануда (жаңа 958 жұмыс орны ашу көзделуде).

Атап айтқанда:

- 4000 га жерге қызанақ дақылын егу және томат пастасын өндіру. Биылғы жылы эксперименттен өткізу үшін қызанақтың 11 сорты 2 га жерге тамшылатып суару әдісімен өсірілуде. «Евразия АгроХолдинг» ЖШС, Жаңақорған ауданы;

- көлемі 1,6 га кешенді жылыжай құрылысын салу, «КазАгроМир» ЖШС, Қызылорда қаласы;

- көлемі 3,2 га өндірістік жылыжай құрылысын салу, «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-і, Қызылорда қаласы;

- жылдық қуаттылығы 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу, «Ақтөбе» ЖШС, Қармақшы ауданы;

- қуаттылығы тәулігіне 3 тонна жартылай дайын және шұжық өнімдерін өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;

- қуаттылығы жылына 5 мың тонна мал сою және жас етті өндіру өндірісін салу, «Бест Сервис» ЖШС, Қызылорда қаласы;

- тәуліктік қуаттылығы 50 тонна шұбат өңдеу зауытын салу,

«Ji WinWay investment corp компаниясы, Арал, Қазалы ауданы;

- жылдық қуаттылығы 120 тонна қаз етін өндіру өндірісі, «Жан-Арай» ЖШС, Сырдария ауданы және Қызылорда қаласы.

         Азық-түлік қауіпсіздігі

        Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың маусым айындағы азық-түлік тауарларының бағаларын жыл басымен салыстырғандағы индексі 103,9% (Республика бойынша - 105,0%) құрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз баға көтерілуін болдырмау және инфляция деңгейін ұстап тұру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

       Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту шараларын қабылдау жөнінде облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда.

      Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы 38,4 пайызға, асханалық қызылша бағасы 10,3 пайызға, қант бағасы 5,8 пайызға, картоп бағасы 8,2 пайызға және тұз бағасы 2,8 пайызға артты.

       Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде.

Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорындағы 2406,6 тонна азық-түлік тауарлары облыс орталығында орналасқан «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде сатылуда.

      Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Мирас» сауда үйімен жасалған әріптестік келісім негізінде жыл басынан бері 6554 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылды.

      Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 59 ірі сауда субъектісімен ынтымақтастық туралы Меморандумдар жаңартылып барлық сауда орталықтарында баға бір қалыпты қалыптасуда.

      Жыл басынан бері Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 18 жәрмеңке өткізіліп 98,4 млн. теңгенің 1064,8 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағалардың негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тисті мемлекеттік органдарымен тексеру жүргізіліп баға көтермеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

 

      Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алдағы тұрған міндеттері:

  • Егін шаруашылығы саласындағы мемлекеттік субсидияларды қаржыландыру жоспарына сәйкес игеруді қамтамасыз ету;
  • Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және күзгі дала жұмыстарының мерзімінде өткізілуіне ықпал жасау;
  • 2017 жылы егілетін егіс көлемін жоспарлау;
  • «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3,2 мың бас тауарлы сиыр алу жұмыстарын үйлестіру
  • «Алтын асық» бағдарламасына сәйкес бойынша  5,7 мың бас қой алу жұмыстарын үйлестіру;
  • «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 2,3 мың бас жылқы  сатып алу жұмыстарын үйлестіру;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы (АЖБ) мәліметтерімен, Ақпараттық сараптама жүйесі (АСЖ) бағдарламасындағы мәліметтердің сәйкестілігін салыстырып назарда ұстау;
  • Тұқымдық түрлендіруге қатыстырылған асыл тұқымды бұқалардың, қошқарлардың уақытылы ауыстырылып отырылуын назарда ұстау;
  • Сала бойынша жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал жасау.

 


Ауыл шаруашылығы

 

         Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 6,7 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3.5% құрады.

         Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 6,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 7,0 есеге артты.

         Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4% артты.

         Егін шаруашылығы

       Облыс әкімінің тиісті өкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша тиісті су шаруашылығы және жерге қатынастары басқармасымен келісілген 2016 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген болатын. Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8 мың) гектарға егiс егу межеленіп отыр.

Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар 59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы  дақылдар 5,4 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз).

        2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.

        Облыста ерте егінді егу жұмыстары басталды. Барлығы 16217 га жаңа жоңышқа, 2926 га жаздық бидай, 3357 га мақсары дақылдары егілді. 33555 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.

        2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі  50,9 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 28,6 мың тонна, карбамид 12,6 мың тонна, аммиак селитрасы 0,3 мың тонна, аммофос        8,3 мың тонна, байытылған суперфосфат және  фосфорит ұны 1,1 мың тонна болып отыр.

      Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты 35,7 мың тоннасы (70,1%) алынған. Оның ішінде аммоний сульфатының 21,4 мың тоннасы, карбамидтің 9,6 мың тоннасы, аммофостың 3,8 мың тоннасы және фосфор ұнының 1,0 мың тоннасы алынып отыр.

       Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажет көлемі 11 165 литрді құрап отыр. Оның ішінде гулливер – 820 литр, номини - 1015 литр, солито -  4560 литр, 2М4Х - 600 литр, рейнбоу - 3600 литр, торнадо - 570 литр болып отыр.

        Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар.

       Сонымен қатар, бекітілген егіс көлеміне сәйкес 2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бір тонна дизель отынының бағасы 95421 теңгені құрайды. Аудандарға (қалаға) жеткізіп беруші оператор болып екі серіктестік белгіленіп («Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК-Мұнай»), шаруашылықтарға 1 литр дизель отынын 90 теңгеден жеткізіп берілуде.

       Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 4 мың тонна арзандатылған дизель отынына толығымен қаржы аударылып, шаруашылықтарға таратылды. Сәуір айына бөлінген 5 мың тонна дизель отынының  3377 тоннасына (67,5 %) қаржы аударылды.

      2016 жылға межеленген егіс көлеміне сәйкес, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға қажетті 4,2 млрд. текше метр суармалы су лимитіне сұраныс берілді.

       Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,8 млрд. текше метр, Көксарай суреттегішінде жиналған су көлемі 2,1 млрд. текше метр болып отыр. Шардара су қоймасынан төменге секундына 800 текше метр су тасталуда.

      Сонымен қатар, су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 64%, ішкі шаруашылық каналдарда 58% орындалды. Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда 96%, ішкі шаруашылық каналдарда 48%, насос қондырғыларын жөндеу  70%, гидробекеттерді жөндеу 75% орындалды. Сонымен қатар, 15,9 мың га (57%) егістік жер,  80,8 мың га (93%)  шабындық ылғалдандырып суарылды.

       Аудандар бойынша берілген мәліметке сәйкес, бүгінгі күні барлық қажет қаржы көлемі 13 738,5 млн. теңгені құрайды. Осы көлемнің 3 766 млн. теңгесі шаруашылықтардың өз қаржысы, 3 477 млн. теңге инвесторлардың, 1 287,5 млн. теңгесі «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС, 270 млн. теңгесі басқада көздердің үлесінде.

        Тұқым дайындау

       2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 6,35 тоннасы (0,03%) көбейтілген тұқым, 71,4 тоннасы (31%) супер элита, 564,1 тонна (2,4%) элита, 2163,7 тонна (9,3%) І - репродукциялы тұқым, 5891,15 тонна (25,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 14470,3 тонна (62,4%) ІІІ - репродукциялы тұқым, 17 тонна (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр.  

       2016 жылы егілуге дайындалған 23184 тонна күріш тұқымының - 4465,8 тоннасы Маржан, 9175,7 тоннасы -Янтарь, 8728,5 тоннасы-Лидер, 245 тоннасы - Анаит, 535 тоннасы - КазЕр-6, 4 тоннасы - КазНИИР-5, 30 тоннасы –ГС-84 сорттарын құрайды.

      «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 10.04.2016 жылғы мәліметі бойынша  тексеруге түскен 20416,24 тонна (88%) күріш тұқымының  себу дәрежесіне жеткені 15098,24 тонна (74 %),  оның ішінде 1412,24 тоннасы (10,1 %) 1-класс, 11005 тоннасы (72,8%) 2-класс, 2861 тоннасы (17,8%) 3-класс, ал 5318 тоннасы (26 %) себу дәрежесіне  жеткізілмеген.

       Сонымен қатар тексеруге түскен 598 тонна жаздық бидай, 164 тонна жоңышқа тұқымы, 106,05 тонна мақсары тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. Қазіргі таңда құйылған күріш тұқымдарын тазалау, себу кондициясына жеткізу жұмыстары жалғасуда.

       Облысымыздағы тұқым шаруашылықтары бойынша күріш егетін ауыл шаруашылық құрылымдарын қамтамасыз ету үшін «Мағжан и К» ЖШС – 3337 тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС – 894 тонна, "Таң ЛТД" ЖШС- 1252 тонна, «Рза Агро" ЖШС- 720 тонна," Сыр маржаны» ЖШС-2022 тонна, «Төңкеріс К" ШҚ-575 тонна, барлығы – 8800 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы дайындалып, оның ішінде бүгінгі таңға 2550 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы шаруашылықтарға сатылды.

        Биылғы жылы егілетін күріш 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен егіледі деп күтілуде.

        Сонымен қатар сорт жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді. Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі  137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық  тұқымын алды.

       №045 «Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 23 391 мың теңге қаражат қаралып, бүгінгі таңға 4930 мың теңгесі игерілді.  Облыс бойынша  2424 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді.

        Мал шаруашылығы

       Облыс бойынша 2016 жылдың 1 сәуірін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,1%-ға, қой мен ешкі 1,3%-ға, жылқы 12,5%-ға, түйенің саны 7,9%-ға көбейді. Ет өндіру (тірілей салмақ) 4,6%-ға, сүт өндіру 1,0%-ға, жұмыртқа өндіру 0,6%-ға өсті.

       Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3200 бас аналық сиыр және 108 бас бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5775 бас аналық қой және 197 бас асыл тұқымды қошқар, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2325 бас бие, 159 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланды. Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 16 шаруашылық 80,8 млн. теңге несие алып, 460 бас сиыр және 31 бас бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылық 7,9 млн. теңге несие алып, 391 бас қой,18 бас қошқар, «Құлан» бағдарламасы арқылы 1 шаруашылық 3,3 млн. теңге несие алып, 10 бас жылқы және 4 айғыр сатып алды.

       Биылғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 164 млн. теңге инвестсубсидияның 22 млн. теңгесі Шаған а/о салынған 3000 бас МІҚ малын бордақылау жобасы үшін төленіп, қалған қаржысы республикалық бюджетке кері қайтарылды. Бүгінгі таңда, барлығы 22 жоба бойынша 29,1 млн. теңге субсидия қаржысы есептелініп отыр.

      Сонымен бірге, 08.04.2016 ж өткен облыстық маслихаттың кезектен тыс отырысында облыстық бюджеттен инвестсубсидияға 2011 млн. теңге бөлінді.

      Өңдеу саласы

     Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативі туралы» Заңын түсіндіру және жылжыту мақсатында облыс әкімінің 2015 жылдың 6 қарашасында №133-Ө өкімімен жұмыс тобы құрылды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында жұмыс тобы Қызылорда қаласы мен аудандардағы шаруашылықтармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні облыс бойынша 143 шаруашылық 21 кооперативке бірігіп, әділет органдарынан тіркеуден өтті. Одан бөлек 6 кооператив әділет органдарында тіркелу  жөнінде тиісті құжаттарды әзірлеуде.

    Облыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 7,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 22,3% артты.

      Ағымдағы жылдың наурыз айында Шиелі ауданында жоба құны 45,0 млн теңгені құрайтын,  «Аруана-Шұбат» шағын шұбат өңдейтін цехы іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

      Азық-түлік қауіпсіздігі

     Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 59 ірі сауда субъектісімен ынтымақтастық туралы Меморандумдар жаңартылып барлық сауда орталықтарында баға бір қалыпты қалыптасуда.

     Әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, бағалардың негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тисті мемлекеттік органдарымен тексеру жүргізіліп баға көтермеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

      Жыл басынан бері Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында 10 жәрмеңке өткізіліп 61,3 млн. теңгенің 562,4 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айындағы азық-түлік тауарларының бағаларын жыл басымен салыстырғандағы индексі 103,2% (Республика бойынша - 103,2%) құрады.

       «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу барысы

      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының II бағыты, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2016 жылға Республикалық бюджеттен 1 761 260,0 мың теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде 421,260 млн. теңгеге ҚР Қаржы министрлігі, Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасында жасалған келісім шартқа сәйкес сәуір айында бөлініп 141 адамға беру көзделуде.

      Қаржыландыру жоспарына сәйкес мамыр айында Республикалық бюджеттен 1340,0 млн. теңге қаражат бөлінуі күтілуде. Оның ішінде 420,0 млн. теңгені 140 қатысушыға 3,0 млн. теңгеден беру жоспарланып отырса, 920,0 млн. теңгені отбасылық ұсақ тауарлы өндірісіне 154 адамға 6,0 млн. теңгеден беру көзделуде. Бұл ретте жоба «Нұр Отан» партиясы бастамасымен бақылауға алынып іске асырылуы жүргізілуде.

       «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен  салаcы мамандарына 282 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 209,7 млн. теңге бөлінді.

       Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға   420 маманға 1336,2 млн.теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржылар ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларынан бастап игеріледі. 

       Облыс бойынша 2016 жылдың 1 сәуіріне 2010-2015 жылдар аралығында  2111 маманға 4551,4 млн. теңге несие қаржысы берілсе, осыдан қазіргі таңда 806 маман несиенің төлеу мерзімін кешіктірген. Бюджетке берешек қарыз сома 61,4 млн. теңгені құрап отыр.

        Бүгінгі күні борышкер мамандармен жасалған жұмыстардың нәтижесінде   13,4 млн.теңге  бюджетке қайтарылды.

       Қалған берешек қарыз сомасын бюджетке қайтаруда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы мен жергілікті атқарушы органдар мамандармен жұмыс жасауда.

        Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алдағы тұрған міндеттері:

  • Егін егу жұмыстарын жүргізуге шаруашылықтарға «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы және қаржы институттар арқылы қаржылай көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Облыс бойынша жоспарланған егіс көлемінің орналастырылуына ықпал жасау;
  • «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3,3 мың бас тауарлы сиыр алу жұмыстарын үйлестіру;
  • «Алтын асық» бағдарламасына сәйкес бойынша  5,9 мың бас қой алу жұмыстарын үйлестіру;
  • «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 2,5 мың бас жылқы  сатып алу жұмыстарын үйлестіру;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы (АЖБ) мәліметтерімен, Ақпараттық сараптама жүйесі (АСЖ) бағдарламасындағы мәліметтердің сәйкестілігін салыстырып назарда ұстау;
  • Тұқымдық түрлендіруге қатыстырылған асыл тұқымды бұқалардың, қошқарлардың уақытылы ауыстырылып отырылуын назарда ұстау;
  • Сала бойынша жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ықпал жасау.

 


2016 жылдың көктемгі дала және егін егу жұмыстарына дайындық  барысы туралы  анықтама (25.03.2016ж)

        Егіс көлемі

        Үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8мың ) гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар 59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы  дақылдар 5,4 мың гектарды құрауы тиіс. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз).

       Көктем егісіне дайындық

       2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.

       Тұқым дайындығы

       2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна жоғарғы репродукциялы күріш тұқымы құйылды.  «КазАгрЭкс» АҚ-ның облыстағы филиалының мәліметі бойынша оның ішінде себу дәрежесіне жеткені 12262,2 тонна, яғни 62,7%.

       2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 50,9 мың тоннаны құрайды. Оның 41,5 мың тоннасы азотты, ал қалғаны фосфорлы тыңайтқыш. Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты  31,3 мың тоннасы (61,6%) алынған.

       Техника және жанар-жағар май

       Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары техника жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

      Сонымен қатар, бекітілген егіс көлеміне сәйкес 2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бір тонна дизель отынының бағасы 95421 теңгені құрайды. Аудандарға (қалаға) жеткізіп беруші оператор болып екі серіктестік белгіленіп («Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК-Мұнай»), шаруашылықтарға 1 литр дизель отынын 90 теңгеден жеткізіп берілетін болады.

       Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 4 мың тонна арзандатылған дизель отынына операторлармен келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп, 1365 тоннасына (34,1%) қаржы аударылды.

        Көктемгі дала және егін егу жұмыстары

        Облыста егін егу жұмыстары басталды. Барлығы 12890 га жаңа жоңышқа, 1557 га жаздық бидай, 1694 га мақсары дақылдары егілді. 10198 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.

 


2016 жылдың көктемгі дала және егін егу жұмыстарына дайындық  барысы туралы  анықтама (19.03.2016ж)

         Егіс көлемі

         Үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8мың ) гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар 59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы  дақылдар 5,4 мың гектарды құрауы тиіс. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз).

         Көктем егісіне дайындық

         2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.

        Тұқым дайындығы

        2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна жоғарғы репродукциялы күріш тұқымы құйылды.  «КазАгрЭкс» АҚ-ның облыстағы филиалының мәліметі бойынша оның ішінде себу дәрежесіне жеткені 12262,2 тонна, яғни 62,7%.

        2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 50,9 мың тоннаны құрайды. Оның 41,5 мың тоннасы азотты, ал қалғаны фосфорлы тыңайтқыш. Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты  31,3 мың тоннасы (61,6%) алынған.

         Жанар-жағармай және техника

        Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары техника жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

        Облысқа көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Дизель отынын жеткізіп беру үшін операторлар белгіленді. Қазіргі уақытта келісім шарттар жасау жұмыстары жүргізілуде.

        Көктемгі дала және егін егу жұмыстары

       Облыста егін егу жұмыстары басталды. 1557 га жаздық бидай, 1694 га мақсары дақылдары егілді. 10198 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр.

       Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.

 


Ауыл шаруашылығы

 

         Макроэкономикалық көрсеткіштер

         Ағымдағы жылдың қаңтар айында 3,7 млрд. теңгенің өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,3% құрады.

         Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 8,8 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 7,3% артты.

        Облыс бойынша 2016 жылдың 1 ақпанын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4%-ға, қой мен ешкі 0,9%-ға, жылқы 13,1%-ға, түйенің саны 8,1%-ға көбейді.

Ет өндіру (тірілей салмақ) 3,9%-ға, сүт өндіру 0,8%-ға, жұмыртқа өндіру 1,7%-ға өсті.

       Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 2,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8% артты.

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2016 жылдың қаңтар айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 101,3% (республика бойынша 101,8%) құрады.

        Өсімдік шаруашылығы

        Егіс көлемі

      Облыс әкімінің тиісті өкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша тиісті су шаруашылығы және жерге қатысты мекемелермен келісілген 2016 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген болатын.

         Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8мың ) гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар  59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы  дақылдар 5,4 мың гектарды құрауы тиіс.

        Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз).

        2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.

        Тұқым дайындау

       2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің  23184 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде  құйылған күріш тұқымының 6,35 тоннасы (0,03%) көбейтілген тұқым, 71,4 тоннасы (31%) супер элита, 564,1 тонна (2,4%) элита, 2163,7 тонна (9,3%) І репродукциялы тұқым, 5891,15 тонна (25,4%) ІІ репродукциялы тұқым, 14470,3 тонна (62,4%) ІІІ репродукциялы тұқым, 17 тонна (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр.

        2016 жылы егілуге дайындалған 23184 тонна күріш тұқымының-  4465,8 тоннасы Маржан, 9175,7 тоннасы -Янтарь, 8728,5 тоннасы-Лидер,     245 тоннасы- Анаит, 535 тоннасы- КазЕр-6,  4 тоннасы- КазНИИР-5 сорттары құрайды.

       «КазАгрЭкс» АҚ-ның облыстағы филиалының   мәліметі бойынша  дайындалған 23184 тонна күріштің бугінгі таңға тексеруге түскені 15148,9 тонна, оның ішінде себу дәрежесіне жеткені 3738,8 тонна, яғни 24%.

        Қазіргі таңда құйылған тұқымдарды тазалау, себу дәрежесіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

       Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Мағжан и К» ЖШС – 1800 тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС – 970,2 тонна, "Таң ЛТД" ЖШС- 1252 тонна, «Рза Агро" ЖШС-1000 тонна," Сыр маржаны» ЖШС-597 тонна, «Төңкеріс" ЖШС-597 тонна, барлығы – 8800  тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымын сатуға дайындап отыр.

       Сонымен қатар сорт жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн қарастырылып, "Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты "Агрохолдинг Байқоңыр" ЖШС арқылы "Таң ЛТД" ЖШС-не және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 334 тонна элита тұқымын әкелуге жұмыстар жүргізілуде.

        Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау

        2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі  50,9 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфатына қажеттілігі 28,6 мың тонна, карбамидке 12,6 мың тонна, аммиак селитрасына 260 тонна, аммофосқа 8,3 мың тонна, байытылған суперфосфатқа 1007 тонна, фосфорит ұнына 108 тонна болып отыр.

      Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты 16,6 мың тоннасы (32,6%) алынған. Оның ішінде аммоний сульфатының 11,3 мың тоннасы, карбамидтің 4,1 мың тоннасы, аммофостың 1,2 мың тоннасы алынып отыр.

       Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажет көлемі 11 165 литрді құрап отыр. Оның ішінде гулливер – 820 литр, номини - 1015 литр, солито -  4560 литр, 2М4Х - 600 литр, рейнбоу - 3600 литр, торнадо - 570 литр болып отыр.

       Ағымдағы жылдың егісіне қажет минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер қорын мерзімінде жасау үшін, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы және аудан (қала) әкімдері тарапынан, шаруашылықтардың тыңайтқыш өндіруші зауыттардан және шетелдік  жеткізушілерден тыңайтқыштар мен гербицидтерді мерзімінде алу және жеткізуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

       Жанар-жағармай және техника

      2016 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар.

       2015 жылы машина трактор паркін жаңалау мақсатында шаруашылық  құрылымдары  барлығы 266 дана техника сатып алды. Оның ішінде 181 данасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы, 85 данасы шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен алынған.

      «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 2016 жылға 2,5 млрд теңге  қаралған. Оның 2 млрд теңгесі шаруашылық құрылымдарының техникаға өтінімдері бойынша (1,5 млрд теңгеге 11 дана комбайн, 9 дана жатка, 100 млн. теңгеге 20 дана МТЗ тракторлары, 150 млн. теңгеге 10 дана ХТЗ тракторлары, 50 млн. теңге дән сепкіш, тыңайтқыш сепкіш, шөп тайлағыш және т.б.), 500 млн теңге басқа да жабдықтарға арналып отыр.

       Сонымен қатар, бекітілген егіс көлеміне сәйкес 2016 жылдың көктемгі дала және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажет 30 мың тонна жеңілдетілген дизель отынының есебі жасалып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.

       Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайы және суармалы  маусымға дайындық

       2016 жылға межеленген егіс көлеміне сәйкес, «Казсушар» РМК-ның Қызылорда филиалымен бірлесіп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға қажетті 4,2 млрд. текше метр суармалы су лимитіне сұраныс берілді.

       Бүгінгі күні (15.02.2015) Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 1027 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 4272 млн. текше метрді құрап, төменге секундына 600 текше метр су тасталуда. Ал, Көксарай суреттегішіне секундына 50 текше метр су алынып, көлемі 692 млн текшеметрді құрайды.

     Сонымен қатар, 2016 жылдың көктемгі дала және егін егу жұмыстарына су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалды. Атап айтқанда, күз-көктем айларында шаруашылықаралық және ішкішаруашылық су жүйелерін тазалау, гидротехникалық құрылыстарды, насос қондырғыларын және гидробекеттерді жөндеу, егістік жерлерді ылғалдандырып және шабындық жерлерді суару жұмыстарының көлемі белгіленді.

      Бүгінгі күнге (1.02.2015) су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 24,1%, ішкі шаруашылық каналдарда 31% орындалды. Сонымен қатар, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда 64%, ішкі шаруашылық каналдарда 18%, насос қондырғыларды жөндеу 51%, гидробекеттерді жөндеу 28% орындалып, 32,2 мың (37%) гектар шабындық және 8,9 мың (32%) гектар егістік ылғалдандырып суарылды.

       Мал шаруашылығы 

       Облыс бойынша 2016 жылдың 1 ақпанына  269,0 мың бас мүйізді ірі қара, 559,0  мың бас қой мен ешкі, 96,2 мың бас жылқы, 36,8 мың бас түйе, және 84,9 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4 %-ға, қой мен ешкі 0,9%-ға, жылқы 13,1%-ға, түйе 8,1%-ға көбейсе, құстың саны 5,5%-ға  кеміген. Өз кезегінде ет өндіру (тірілей салмақ)  3,9%-ға, сүт өндіру 0,8 пайызға өскен.

       Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен  2408,2 млн.теңге қаржы қаралып отыр.

      Осы қаржыны игеру мақсатында облыс әкімдінің  қаулы жобасы дайындалып, ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі алынды. Облыс әкімідігінің қаулысы Әділет минисрлігіне  тіркеуге ұсынылды.

       Бөлінген субсидия қаржылық жоспарға сәйкес ақпан айынан бастап игерілетін болады.

       Облыс көлеміндегі асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жасау мақсатында аудандар бойынша шаруашылықтар кескініндегі асыл тұқымды малдардың есебі алынды.

      «Сыбаға» бағдарламасы

      Бағдарлама аясында үстіміздегі жылы 3200 бас аналық сиыр және 108 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5 шаруашылық 41,5 млн. теңге несие алып, 259 бас сиыр сатып алуға қол жеткізді немесе жоспар 8,3 пайызға орындалды.

      «Алтын асық» бағдарламасы

      Бағдарлама бойынша 5200 бас аналық қой және 174 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу жоспарланған, әзірге нақты сатып алынған мал жоқ.

      «Құлан» бағдарламасы  2000 бас

        Бағдарлама бойынша 2000 бас бие, 135 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған, әзірге нақты сатып алынған мал жоқ.

        Мал бордақылау алаңдары

       «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы  «Сыр  маржаны»  ЖШС («ҚазАгроҚаржы»  АҚ-нан несие алып) 500  бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы үстіміздегі жылы желтоқсан айының басында іске қосып, бүгінгі күні 215 бас  ірі қара малы бордақыда тұр.

        Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

        Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес  облыс бойынша 110,9 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні  13,2 мың бас аналық сиыр және 0,6 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе  аналық сиырлардың тұқым түрлендіруге қатысуы да асыл тұқымды бұқамен қамтылуы да  12,0 %-ды құрап  облыс республика бойынша 7 орында тұр. 

         Өңдеу саласы

         2016 жылдың қаңтар айындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 2,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,8%-ға артып отыр.

        Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар айында шұжық, сары май, шұбат 100% болса, жас немесе тоңазытылған ет 94,7%-ға, өңделген сұйық сүт 2,2-есеге, жеміс пен көкөніс шырындары 33,2%-ға артқан.

 

        Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде

       Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі  ағымдағы жылдың қаңтар айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,3 пайызды (республика бойынша 101,8 пайызды) құрады.

       Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде 33 әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінен өзге өңірлерден қамтамасыз етілетін 8 өнім бойынша бағалар 0,2-3,3 пайызға жоғарылағандығы белгіленді. (қарақұмық жармасы, тауықтың сан еті, жұмыртқа, өсімдік майы, қант, тауық еті, сүзбе, шай)  7 өнім бойынша бағалар 0,2-3,1 пайызға төмендегені байқалады.

        Қалған 18 әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша бағалар бірқалыпты сақталады.

        Облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды.

       Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде.

       2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, қазіргі таңда 6336,0 тонна өнім сатып алынды. Тұрақтандыру қорында нақты қалған  3550,5 тонна өнім.

     Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары арқылы 20 107,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап ұйымдастырылған  105 жәрмеңкеде, 1244,9 млн теңгенің, 11622,5 тонна өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.

        Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде   59 меморандумға қол қойылды.

        Ұнға байланысты: (39416,1 тн. зерно, 27591,3 тн. мука)

        Меморандум бойынша операторлармен 19 188,27 тонна ұн алынған. «Раннар» ЖШС-не субсидия қаражаттары толық төленіп 3 тоқсанның 3000 тонна ұн көлемін тоннасын 52,5 мың теңгеден беруге тиісті. «Кустанайская мукомольная компания» ЖШС-мен 2016 жылдың  1 қаңтарына 5403 тонна ұн беру қажет (тасымалдауға субсидия төленбеген).

       Облыстық бюджеттік комиссиясына Қостанай қаласынан осы қалған 5403 тонна ұн көлемін тасымалдауға 33,5 млн. теңге өтінім тапсырылды. Бұл субсидия төленген жағдайда 2 тоқсанның 771 тонна ұн қалдығы 52,5 мың теңгеден босатылып жатқан болса, 3 тоқсанға тиесілі 4632 тонна ұн 65 мың теңгеден жеткізіледі.

 


Ауыл шаруашылығы

 

         Облыс бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісі 62,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 104,2 пайызға  артты.

         2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен  8,2 млрд. теңге бөлінді, 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.

         Өсімдік шаруашылығы

        2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

        Егілген 83,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

       Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн,  445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті.

      Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 2043 (185,7%) гектары егіліп, жоспарланған 47080 гектар сүдігер көтеру жұмыстары бойынша  48800 гектары (103,7%) орындалды.

       Тұқым шаруашылығы

       «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша  2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.

       Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай, 231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.

      2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23140 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған күріш тұқымының 23123 тоннасы,яғни 99,9 пайызы жоғары репродукциялы тұқымды, 17 тоннасы - 0,1 пайызы қатардағы тұқымды құрап отыр.

       Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,1 млн. теңге субсидия төленді. 

      «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 20.12.2015 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 15674 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені  2881 тонна (18,4 %), оның ішінде 20,85 тоннасы  (0,7 %) І -класс, 2507 тоннасы (87%) ІІ -класс, 353 тоннасы (12,3 %) ІІІ -класс ал 12793 тоннасы (81,6%) себу дәрежесіне жеткізілмеген.

      Сонымен қатар, тексеруге түскен 511 тонна жаздық бидай тұқымының себу дәрежесіне жеткені 326 тонна (63,8%), тексеруге түскен 427 тонна күздік бидай 100% себу дәрежесіне жеткізілген, ал 103,5 тонна жоңышқа тұқымы, 163 тонна мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілмеген. Тұқым тазарту жұмыстары жалғасуда.

          Мал шаруашылығы

         Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына  256,1 мың бас мүйізді ірі қара, 570,4  мың бас қой мен ешкі, 88,6 мың бас жылқы, 36,1 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа және 85,3 мың бас құс өсірілуде.

        2014 жылмен салыстырғанда қой мен ешкі 0,5%-ға, жылқы 2,7%-ға, түйе 4,2%-ға  көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ)  1,8%-ға, сүт өндіру 2,0 %-ға өссе,  мүйізді ірі қара 0,6 %-ға, шошқа 4,9%-ға, құстың саны 5,1%-ға кеміген.

         Облыс бойынша 2016 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса,  664,7 мың тонна  шөп (102,3 %)  және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі (118,3%) дайындалды.

         2015 жылы облыс бойынша ірі қара малын ұрықтандыратын 111  пункттің 74-і жұмыс істеп, жоспар бойынша ұрықтануға тиіс 8,0 мың бас сиыр 100 %-ға  орындалды.

        «Сыбаға» бағдарламасы

        Бағдарлама аясында 2015  жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан 64 шаруашылық 442,0 млн. теңге несие алып, 2721 бас сиыр және 148 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 108,8 %-ға орындалды.

        Бағдарламаға сәйкес 2011-2015 жылдары 9500 бас сиыр сатып алу жоспарланған, осыдан бүгінгі таңға 12579 бас сиыр алынып, жоспар 132,4 %-ға орындалып отыр.

        «Алтын асық» бағдарламасы

        4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланып 19 шаруашылық  125,3  млн. теңге несие алып, 5058 бас  аналық қой, 174 бас қошқар сатып алынды, немесе жоспар 126,5 %-ға орындалды.

        «Құлан» бағдарламасы

        1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып  56 шаруашылық 486,2 млн. теңге несие алып 1589 бас бие, 197 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 158,9 %-ға артығымен орындалды.

        Мал бордақылау алаңдары

        «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы  «Сыр  маржаны»  ЖШС («ҚазАгроҚаржы»  АҚ-нан несие алып) 500  бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы үстіміздегі жылы желтоқсан айының басында іске қосылып, бүгінгі күні 200 бастай ірі қара малы бордақыда тұр.

       Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы жалпы құны 399,8 млн. теңгені құрайтын 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, бүгінгі күні мал азығын сақтайтын қойманың, ветлабораторияның, су жинақтайтын мұнараның құрлысы бітіп, жол және электр желісі толықтай тартылды. Бордақылау алаңы алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

        Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

       2015 жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес  облыс бойынша 110,9 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан бүгінгі күні  26,1 мың бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе  асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 90,0 %-ды құрап отыр. 

       Өңдеу саласы

      Облыс бойынша 2015 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 27,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 108,6 % артты.

      Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды.

       Қызылорда қаласында «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты.

       Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

       Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехы желтоқсан айының басында іске қосылды. («Ақмая» ШҚ). Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылды.

       Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың желтоқсан айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 109,9 пайызды (республика бойынша 110,9 пайызды) құрады.

      Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы  9,1 пайызға, 1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 2,6 пайызға, қант бағасы 11,7 пайызға, жұмыртқа бағасы 8,2 пайызға және өсімдік майы 19,9 пайызға артты.

       Облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды.

       Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде.  2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, қазіргі таңда 6336,0 тонна өнім сатып алынды.Тұрақтандыру қорында нақты қалғаны 3726,0 тонна өнім. 

       Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді, бұл қаражаттарға қант -136 тонна, макарон – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, құс еті – 60 тонна, өсімдік майы – 103,6 тонна, шай – 3,6 тонна өнімдері сатып алынуда.

     Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 18832,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

      2015 жылдың тамыз-қараша айлары аралығына ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 11622,5 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.

       Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 15 меморандумға қол қойылды.

      2014 жылдың 17 қарашадағы және 2015 жылдың 20 қаңтардағы меморандумдарға сәйкес облысқа 39 416,1 тонна астық (ұнға есептегенде – 27 591,2 тн) бөлінді. Есепті кезеңде бұл көлемнен 19 188,27 тонна ұн өнделіп жеткізілген болса, алдағы уақытта жеткізілуге тиісті көлем 8 403,0 тоннаны құрайды.

 


Ауыл шаруашылығы

 

         Үстіміздегі жылы аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артып 8,2 млрд. теңгені құрады.

       Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 59,3 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өнідіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,7% артты.

     Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 1118,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 8,8 есеге артты.

      Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 130,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 166,8% артты.

        Өсімдік шаруашылығы

      2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

Егілген 83,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

       Тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың арқасында  2015 жылы егілген егіс көлемінің 98,5% жоғары репродукциялы тұқыммен себілді. Бұл облыс бойынша соңғы 20 жылда болмаған көрсеткіш. 

       2016 жылдың көктемгі егісіне құйылған тұқымның да 99,9% жоғары репродукцияны құрап отыр.

       Мал шаруашылығы 

      Мемлекет тарапынан тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқан қолдаудың арқасында облыста мүйізді ірі қара, жылқы және түйе малының саны ең жоғарғы болған 1990 жылғы деңгейден асса, қойдың саны жақсы қарқынмен өсу үстінде.

      Облыс бойынша 2015 жылдың 1 желтоқсан өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,6%, қой мен ешкі 3,5%, жылқы 10,7%, түйенің саны 5,8%, құстың саны 3,6% көбейді.

       Ет өндіру (тірілей салмақ) 2,4%, сүт өндіру 2,3% өсті.

      Облыс бойынша 2015 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан бүгінгі күнге 664,7 мың тонна шөп (102,3 %) және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі (118,3%) дайындалды.

      «Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 60 шаруашылық 410,3 млн. теңге несие алып, 2517 бас сиыр және 141 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 100,7 %-ға орындалды.

      «Алтын асық» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 17 шаруашылық 117,1 млн. теңге несие алып, 4698 бас аналық қой, 174 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 117,5%-ға орындалды.

      «Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 55 шаруашылық 472,7 млн. теңге несие алып 1547 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 154,7% артығымен орындалды.

       Өңдеу саласы

       Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 25,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,8% артты.

      Ағымдағы жылы Қызылорда қаласында тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорын, тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру, тәулігіне 150 тонна екі күріш ақтайтын зауыттар іске қосылып, барлығы 148 жаңа жұмыс орындары ашылды.

      Үстіміздегі жылдың желтоқсанында Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 1 тонналық сүт өңдеу цехы іске қосылса, Қазалы ауданында 500 бас мүйізді ірі қара малына арналған бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда.

       Алдағы уақытта облыстың агроөнеркәсіп кешенінде бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

      Салаға инвесторларды тарта отырып, 12 мың гектар жерге майлы дақылдарды егу және алынған дақылдардан өсімдік майын өндіру жоспарланып отыр. Бұл бағытта Иран мемлекетінің инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп, облыс әкімдігімен іскерлік ынтымақтастығы жөнінде меморандумға қол қойылды.

      «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС бастамасымен 4,0 мың гектар жерге қызанақ дақылын егіп, томат пастасын өндіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.  

     Облыстың индустрияландыру бағдарламасына енгізілген көлемі 4,2 гектар өндірістік жылыжай кешен құрылысын салу бағытында  «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-гі мен «Қаз Агро Мир» ЖШС-гі жұмыстар жасалуда.

      Ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданында 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңының құрылысы келер жылы аяқталады.

       Сондай-ақ, Жалағаш ауданының «Мега Агро» ЖШС 3000 бас ІҚМ арналған кешенді бордақылау алаңын салуға «ҚазАгроӨнім» АҚ-на өтінім беріліп, 2016 жылдың қаржыландыру кестесінде енгізілді.

      Өңірімізге МІҚ мал етін өндірумен қатар қозы етінің өндірісін дамыту бағытында, 50 мың бас қойға арналған 2 бордақылау алаңдарын салуға және қуаттылығы жылына 7,0 мың тонналық ет комбинатын салу үшін отандық инвесторлар алдағы жылдан бастап жоба бойынша жұмыс жасайтын болады.

        Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың қараша айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 109,4% (республика бойынша 109,6%) құрады.

       Облыс халқының облыста өндірілмейтін немесе аз өндірілетін әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қажеттілігі тұрақтандыру қоры арқылы өзге өңірлерден тасымалдау арқылы қамтамасыз етілуде.

      Жалпы тұрақтандыру қорына 2014-2015 жылдар аралығында 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, 5906 тонна өнім сатып алынды. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 3767,7 тонна өнім сақталып сатылуда.   

       Облыста азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында, нарықты өнімдермен молайту үшін «Мирас» сауда орталығымен өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік негізінде өз қоймасы арқылы және басқада «ТӨМЕН БАҒА» атты 4 қоймалық сауда орындары арқылы 17792,5 тонна өнімдерді нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

      Облыс тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен тұрақты бағада қамтамасыз ету мақсатында тамыз-қараша айларына жасалып бекітілген кестеге сәйкес жергілікті тауар өндірушілермен, кәсіпкерлермен, ӘКК қатысуымен 96 жәрмеңке ұйымдастырылып, 1197,1 млн. теңгеге 11,4 мың тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен сатылды.

       Сауда орындарында жасанды түрде баға көтеру фактілерін болдырмау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 15 ірі сауда субъектілерімен меморандумдарға қол қойылды. 

        Аудан әкімдіктері мен ірі сауда субъектілер арасында қол қойылған меморандумдарға сәйкес баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жасалуда. 

Жалпы бүгінгі күні облыстың азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты, қандай да бір өнімдерге сұраныстың, немесе әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды. Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар жалғасын табады.

 


Ауыл шаруашылығы

 

         Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 54,3 млрд. теңге болды. 2014 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады.

2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен  8,2 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.

           Өсімдік шаруашылығы

         2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

        Бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары аяқталды. Егілген 83 883 гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

       Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн, 445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті.

     Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 2043 (185,7%) гектары егіліп, жоспарланған 47080 гектар сүдігер көтеру жұмыстары бойынша 48800 гектары (103,7%) орындалды.

        Тұқым шаруашылығы

      «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша  2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді. Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.

       Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай, 231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.

         2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23140 тонна күріш тұқымы құйылды.

         Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,8 млн. теңге субсидия төленді. 

       «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 20.11.2015 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 12638,85 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені  1024,85 тонна (8,5 %), оның ішінде 20,85 тоннасы (0,1 %) 1-класс, 729 тоннасы (6,1%) 2-класс, 275 тоннасы (2,3 %)  3-класс ал 11614 тоннасы (91,5%) себу дәрежесіне жеткізілмеген.

       Сонымен қатар тексеруге түскен 511 тонна жаздық бидай тұқымының себу дәрежесіне жеткені 326 тонна (63,8%), тексеруге түскен 160 тоннн күздік бидай 100% себу дәрежесіне жеткізілген, ал 80,5 тонна жоңышқа тұқымы, 133 тонна мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілмеген. Тұқым тазарту жұмыстары жалғасуда.

         Мал шаруашылығы 

        Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасына  259,9 мың бас мүйізді ірі қара, 613,4 мың бас қой мен ешкі, 93,0 мың бас жылқы, 37,5 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа және 95,2 мың бас құс өсірілуде.

        Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,2%-ға, қой мен ешкі 3,7%-ға, жылқы 10,4 %-ға, түйенің саны 5,9%-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ)  2,4%-ға, сүт өндіру 2,1 пайызға өскен.

        Облыс бойынша 2015 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан бүгінгі күнге 664,7 мың тонна  шөп (102,3 %)  және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі (118,3%) дайындалды.

        «Сыбаға» бағдарламасы

      Бағдарлама аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 55 шаруашылық 360,8 млн. теңге несие алып, 2176 бас сиыр және 127 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 87,0 %-ға орындалды.

       «Алтын асық» бағдарламасы

       Үстіміздегі жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 14 шаруашылық  79,0 млн. теңге несие алып, 3252 бас  аналық қой, 115 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 81,3%-ға орындалды.

        «Құлан» бағдарламасы

       Ағымдағы жылы 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 54 шаруашылық 462,8 млн. теңге несие алып 1502 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 150,2 %-ға артығымен орындалды.

        Мал бордақылау алаңдары

      «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

       Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, «ҚазАгроӨнім» АҚ- арқылы 193,0 млн. теңге қаржы алды. Бүгінгі күні мал азығын сақтайтын қойманың, ветлабораторияның, су жинақтайтын мұнараның құрлысы бітіп, жол және электр желісі толықтай тартылды. Бордақылау алаңы алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

         Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

         Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша 110,9 мың бас аналық сиыр тіркелген, осыдан 24 қарашаға 25,6 мың бас аналық сиыр және 1,0 мың бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе  асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 92,0 %-ды құрап отыр.

         Өңдеу саласы

        Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында  статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 22,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,2 % артты.

         Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

        Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды.

         Сонымен қатар, малды сапалы жеммен қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 28-де «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты.

          Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехын ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр («Ақмая» ШҚ). Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

          Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

       Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың қазан айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 104,8 пайызды (республика бойынша 106,1 пайызды) құрады.

         Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторинг бағаларын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қарақұмық жармасы  2,9 пайызға, 1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 2,6 пайызға, қант бағасы 8,9 пайызға және өсімдік майы 14,9 пайызға  артты.

         Облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды.

        Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде.

          2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, оның ішінде бүгінгі күні қорда 3808,6 тонна өнім сақталып сатылуда.

      Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді, бұл қаражаттарға қант -136 тонна, макарон – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, құс еті – 60 тонна, өсімдік майы – 103,6 тонна, шай – 3,6 тонна өнімдері сатып алынуда.

       Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 17252,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

        Ағымдағы жылдың тамыз-қараша айлары аралығына ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 10811,9 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.

        Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 15 меморандумға қол қойылды.

       2014 жылдың 17 қарашадағы және 2015 жылдың 20 қаңтардағы меморандумдарға сәйкес облысқа 39 416,1 тонна астық (ұнға есептегенде – 27 591,2 тн) бөлінді. Есепті кезеңде бұл көлемнен 14991,2 тонна ұн өнделіп жеткізілген болса, алдағы уақытта жеткізілуге тиісті көлем 12600,07 тоннаны құрайды. 

        «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2015 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен  салаcы мамандарына 442 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 189,3 млн. теңге бөлінді.

         Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 359 маманға 1067,3 млн.теңге бөлінді.

2015 жылдың 10 қазанына  150,5 млн.теңге көлемінде 441 маманға бір жолғы көтерме жәрдем ақы берілді. Оның ішінде: білім саласы - 257, денсаулық сақтау саласы -143, мәдениет саласы - 10, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 9, спорт - 17, агроөнеркәсіптік кешен саласы - 5.

        Сондай-ақ, 342 маманға  жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 969,4 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы -197, денсаулық сақтау саласы - 113, мәдениет саласы-10, әлеуметтік қамсыздандыру саласы-4, спорт саласы -16, агроөнеркәсіптік кешен саласы-2.

 


Ауыл шаруашылығы

 

      Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 42,4 млрд. теңге болды.  2014 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады.

       2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен 8,4 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артты.

       Өсімдік шаруашылығы

       2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га.

       Бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары аяқталды. Егілген 83 883 гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.

      Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн, 445 жатка, 403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті.

      Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Облыс бойынша межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 680 (61,8%) гектары егіліп, жоспарланған 48040 гектар сүдігер көтеру жұмыстарының 14410 (30%) гектары орындалды.

       Тұқым шаруашылығы

     «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша  2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.

       Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.

     Сонымен қатар, көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай, 231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.

      2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 21000 тонна күріш тұқымы құйылды.

      Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,1 млн. теңге субсидия төленді. 

     Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 16,5 млн. теңге қаражат бөлініп, есепті кезеңде 11,9 млн. теңгесі игерілді. Облыс бойынша 8160 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.

      Мал шаруашылығы 

     Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанына 263,8 мың бас мүйізді ірі қара 635,1 мың бас қой мен ешкі, 95,2 мың бас жылқы, 37,5 мың бас түйе, 2,6 мың бас шошқа және 98,1 мың бас құс өсірілуде.

      Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 %-ға, қой мен ешкі 4,2 %-ға, жылқы 10,3 %-ға, түйенің саны 5,2 %-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 2,5 %-ға, сүт өндіру 2,3 %-ға және жұмыртқа өндіру 0,3 пайызға өскен.

      Сонымен қатар, «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларына» сәйкес ағымдағы жылға 258,4 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 75,1 млн. теңге (29,1 %) игерілді.

      Облыс бойынша 2015 жылдың қысына түсетін төрт түлік мал басына 650,0 мың тонна шөп қажет болса, осыдан бүгінгі күнге 664,7 мың тонна шөп (102,3 %) және 14,2 мың тонна жүгері сүрлемі дайындалды.

     «Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 2,5 мың бас аналық сиыр және 139 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан есепті кезеңде 46 шаруашылық 293,0 млн. теңге несие алып, 1750 бас сиыр және 99 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар 70,0 %-ға орындалды.

       «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 4,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан есепті кезеңде 14 шаруашылық 79,0 млн. теңге несие алып, 3252 бас аналық қой, 115 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 81,3 %-ға орындалды.

       «Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы  1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, есепті кезеңде 54 шаруашылық 462,8 млн. теңге несие алып 1502 бас бие, 190 бас айғыр сатып алды, немесе жоспар 150,2 %-ға артығымен орындалды.

        Мал бордақылау алаңдары бойынша

     «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС («ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан несие алып) 500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

      Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап, «ҚазАгроӨнім» АҚ- арқылы 93,0 млн. теңге қаржы алды.

       Бүгінгі күні «Шаған Жер» ЖШС-ның 3,0 мың бастық мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңының ірге тасы қаланып, құрлыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

        Тұқым түрлендіру жұмыстарын ұйымдастыру

        Ағымдағы жылы статистика департаментінің мәліметі бойынша  облыста 110 881 бас МІҚ малының аналық мал басы тіркелген, осыдан бүгінгі таңға 24089 бас аналық сиыр және 961 бас бұқа тұқымдық түрлендіруге қатысуда, немесе асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 88,0 %-ды құрап отыр. 

       Өңдеу саласы  

     Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 19,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,0 % артты.

       Қызылорда қаласында ағымдағы жылы ЖК «Қалымбетова» тәулігіне 0,5 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

      Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды.

      Сонымен қатар, малды сапалы жеммен қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 28-де «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты.

        Жобаларды іске қосу арқылы құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехын ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. («Ақмая» ШҚ). Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

        Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының индексі 2015 жылдың қыркүйек айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,0 пайызды (республика бойынша 101,5 пайызды) құрады.

      Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторингісінің бағаларын жаңадан бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қант бағасы 2,2% артты.

     Бүгінгі күні облыс бойынша азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларының тұрақтылығына бақылау жүргізілуде, облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік штаб құрылды. Өңірлік штаб құрамында арнайы мекеме, құқық қорғау орган басшылары бар.

    Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы жүргізілуде.

     2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, оның ішінде бүгінгі күні қорда 3588,1 тонна өнім сақталып сатылуда:

      Қалған өнімдерді сатып алу қажеттілікке сәйкес жүргізіліп жатыр.

      Ағымдағы жылы жергілікті тауарөндірушілермен отырған фьючерстік келісім негізінде Жаңақорған ауданының «Сенім», «Жиделі», Шадымхан», «Балдырған» және Қызылорда қаласынан «Үміт»  шаруашылықтарымен 550 тонна картопты 50-55 теңгеден және 100 тонна пияз, 50 тонна сәбізді 45 теңгеден егіп тұрақтандыру қорына өткізу келісіліп, жұмыстар жасалуда.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 100,5 млн теңге қаражат бөлінді.

       Бұл қаражаттарға қант -136 тонна, макарон – 50 тонна, қарақұмық жармасы – 30 тонна, құс еті – 60 тонна, өсімдік майы – 103,6 тонна, шай – 3,6 тонна өнімдері сатып алынуда.

     Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 14728,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

      Ағымдағы жылдың тамыз-қараша айлары аралығына ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткіз кестесіне сәйкес ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 9165,3 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды.

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Байқоңыр қаласында «Золотая осень Байконура», Жер серігінің алғашқы ұшуына 58 жыл толу мерекесіне байланысты жәрмеңке ұйымдастырылды.

        Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 12 меморандумға қол қойылды.

      2014 жылдың 17 қарашадағы және 2015 жылдың 20 қаңтардағы меморандумдарға сәйкес облысқа 39 416,1 тонна астық (ұнға есептегенде – 27 591,2 тн) бөлінді. Қазіргі таңға бұл көлемнен 13 541,07 тонна ұн өнделіп жеткізілген болса, алдағы уақытта жеткізілуге тиісті көлем 14 050,13 тоннаны құрайды. 

       «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша

       2015 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен  салаcы мамандарына 442 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 189,3 млн. теңге бөлінді.

         Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 359 маманға 1067,3 млн.теңге бөлінді.

2015 жылдың 10 қазанына  150,5 млн.теңге көлемінде 441 маманға бір жолғы көтерме жәрдем ақы берілді. Оның ішінде: білім саласы - 257, денсаулық сақтау саласы -143, мәдениет саласы - 10, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 9, спорт - 17, агроөнеркәсіптік кешен саласы - 5.

        Сондай-ақ, 342 маманға  жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 969,4 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы -197, денсаулық сақтау саласы - 113, мәдениет саласы-10, әлеуметтік қамсыздандыру саласы-4, спорт саласы -16, агроөнеркәсіптік кешен саласы-2.

     


Ауыл шаруашылығы

 

     Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 13,5 млрд. теңге болды. 2014 жылдың сәйкесті  кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі  102,1 пайызды құрады.

      2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен  8,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 3,7  пайызға артты.

      Өсімдік шаруашылығы

     2015 жылы облыс бойынша 167,4 мың гектарға егiс орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,9 мың гектар, майлы дақылдар 6,0 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56,0 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,5 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 84 мың га құрады.

     2014 жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 9,1 мың гектарға артты. Оның ішінде: күріш егісі 2,9 мың гектарға, майлы дақылдар 5,1 мың га,  мал азығындық дақылдар 3,7 мың га артса. Картоп, көкөнiс, бақша дақылдарының егіс көлемі 2,4 га азайған.

     Қазіргі уақытта шаруашылықтар дақылдарды күтіп-баптау және жоңышқа ору жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, барлығы 33131 гектар егісі азотты тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, 48705 гектар арам шөптеріне қарсы гербицидтермен өңделді. Күріш егісін үстеп қоректендіруге және өңдеуге қажетті минералдық тыңайтқыш мен гербицидтер сатып алу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, аудандардан алынған ақпаратқа сәйкес, ору межеленген 32,7 мың га ескі жоңышқаның 26,7 мың га орылып, 35,3 мың тн жоңышқа шөбі жиналды. Орта өнім гектарына 13,2 центнерден келуде.

Жалпы облыс бойынша 2015 жылғы күзгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынының көлемі 16 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта облысқа белгіленген операторлар «РК Мұнай» және «Нефтьтранс-Қызылорда» серіктестіктері арқылы маусым айына бөлінген 2 мың тонна дизель отынының 1,9 мың тоннасына қаржы аударылып,  1,3 мың тоннасы алынды. Шілде айына бөлінген 2 мың тонна дизель отынын алу жұмыстары жүргізілуде.

    Егіншілік саласы бойынша шаруашылықтарға мемлекеттік субсидия төлеу шаралары басталды. Бүгінгі күнге басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес, маусым айындағы қаралған су жеткізіп беру қызметін субсидиялауға 50 млн. теңге, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 510 млн. теңге, басым дақылдарға төленетін 601,7 млн.  теңге, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға  8 млн. теңге толық игерілді.

      Тұқым шаруашылығы

    «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының  мәліметі бойынша  тексеруге түскен 22616 тонна (100%) күріш тұқымының  себу дәрежесіне жетті. Сонымен қатар тексеруге түскен 346,2 тонна жаздық бидай тұқымы, 224,17 тонна жоңышқа тұқымы, 96,74 тонна мақсары тұқымы, 9,3 тонна арпа тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. 

    Бүгінгі күнге дейін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Мағжан и К» ЖШС-і – 4,3 мың тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС-і – 1,2 мын. тонна, «Түгескен ТШ» ЖШС-гі 0,095 мың тонна, « Таң ЛТД» ЖШС-гі 1,3 мың тонна, «Рза Агро» ЖШС-гі- 0,35 мың тонна, -барлығы –  7,2 мың тонна күріш тұқымын сатты.

     Сондай – ақ облыс шаруашылықтарын қажетті көкөніс, бақша және картоп тұқымдарымен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақ картоп, көкөніс және бақша дақылдарын ғылыми зерттеу институты» ЖШС және Қарағанды облысындағы картоп тұқымы шаруашылықтарымен келісім шарт жұмыстары жүргізілді.

     №045 «Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен  16 478 мың теңге қаражат қаралған болатын, бүгінгі таңға 9427 мың теңгесі игерілді.  Облыс бойынша  6460 зерттеу жұмыстары жүргізілді.

      Мал шаруашылығы 

    Мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсетілудің нәтижесінде төрт түлік малдың басы біршама өсіп, өнім өндіру тұрақтанып келеді.

     Облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдесіне 280,5 мың бас мүйізді ірі қара, 736,2 мың бас қой мен ешкі, 96,4 мың бас жылқы, 39,9 мың бас түйе, 3,2 мың бас шошқа және 89,3 мың бас құс өсірілуде.

     Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,2 %-ға, қой мен ешкі 6,6 %-ға, жылқы 8,5 %-ға, түйенің саны 7,9%-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 1,7 %-ға, сүт өндіру 2,8 %-ға  және жұмыртқа өндіру 1,1 пайызға өскен.

    Өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 1524,0 млн. теңге субсидия бөлініп толығымен игерілсе, ағымдағы жылы осы мақсатқа 2250,7 млн.теңге бөлінді.  Үстіміздегі жылдың жарты жылында қаржылық жоспарға сәйкес бөлінген 452,0 млн. теңге субсидия толығымен игерілді, немесе жылдық жоспар 20,1 %-ға орындалды.

     Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 421 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылға 75,4 млн. теңге бөлінген. Осыдан қаржылық жоспарға сәйкес 40,8 млн. теңге игерілді, немесе  жылдық жоспар 54,1 %-ға орындалып отыр.

     «Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы  жылы 3000 бас аналық сиыр және 100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 21 шаруашылық 113,3 млн. теңге несие алып, 642 бас сиыр және 34 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар не бәрі 21,4 %-ға ғана орындалды.

      Дегенмен,  бүгінгі күнге дейін Жалағаш, Қазалы аудандарында сиыр сатып алу жұмыстары басталмаған.

     Бағдарламаның орындалмау себебі малға тағылатын сырғаның жоқтығынан мал сатып алу жұмыстары жүрмей отыр. Бұл туралы бірнеше рет мәселе көтерілгеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келеді.

     «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 10,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 8 шаруашылық  54,7 млн. теңге несие алып, 2293 бас  аналық қой, 69 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 23,0 %-ға орындалды.

   Дегенмен, Жалағаш, Қармақшы, Сырдария аудандарымен Қызылорда қаласы қой сатып алу жұмыстарын ұйымдастырмай отыр.

     «Құлан» бағдарламасы бойынша

     Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 33 шаруашылық 295,5 млн. теңге несиеге 973 бас бие, 104 айғыр сатып алды, немесе жоспар 97,3 %-ға орындалды.

     Мал бордақылау алаңдары бойынша

    «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС жалпы құны 335,0 млн. теңгені құрайтын  500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының 155,8 млн. теңгесінің құрылыс жұмыстарын бітірді. («ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржысы 109,1 млн. теңге, шаруашылықтың өз қаржысы 46,7 млн. теңге). Құрлыс жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен бірге, ет өндірісін дамыту мақсатында Жалағаш ауданындағы «Мега Агро» ЖШС және Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы 3000 бас ірі қара малына арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бордақылау алаңына қажетті жер телімі бөлініп, сметалық жобалау құжаттары дайындалуда.

     Үстіміздегі жылы, «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында облыс бойынша 100 тонна ірі қара және 150,0 тонна қой етін экспорттау жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және облыс әкімдігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

    Осыған сәйкес, ағымдағы жылы алыс және жақын шет елдерге етті экспортқа шығару мақсатында Қызылорда қаласынан «Ет-сүт өңдеу орталығы» құрылуда.

     Ет өнімдерін экспорттау үшін, өңірімізді буферлік аймақтан толығымен шығару қажет. Осы мақсатта да ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ветеринариялық тұрақтылықты сақтау үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда.

     Осыған байланысты халықаралық эксперттік бюросы аймағымызда зерттеу жұмыстарын жүргізді, зерттеулер нәтижесі бойынша халықаралық комиссиясының оң шешімі шығады деп күтілуде.

    Аймақтың 2015-2016 жылдардағы «Агроөнеркәсіптік кешенін» дамытудың индустриалдық картасына енгізілген құны 4500 млн. теңге тұратын «1200 бастық тауарлы-сүт фермасын» салу жобасы бойынша, жобаның бастамашысымен бірлесе отырып, кепілдікке қойылатын мүліктер қалыптастыру (іздестіру) бойынша жұмыстар жүргізілуде.

     Өңдеу саласы

   Облыс бойынша 6 айдың қорытындысымен статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 12,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 117,6 % артты.

   Қызылорда қаласында  а.ж. І-ші тоқсанында ЖК «Қалымбетова»  тәулігіне 3 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосып,  20 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты  іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды.

   Сонымен қатар, малды сапалы жеммен қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 28-де «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру  зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты.

    Аталмыш жобаны өндірісте іске қосқанда құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

    2015 жылдың екінші жарты жылдығында Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС-нің 500 бас МІҚ малына арналған бордақылау алаңының құрылысын  тамыз айында іске қосу жоспарлануда. Жоба бойынша 15 жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде.

    Қызылорда қаласында «Ет-сүт өнімдерін өңдеу орталығы» ЖШС-і ет-сүт өңдейтін кәсіпорынды іске қосу  бағытында жұмыс жасауда. Жобаның жылдық қуаттылығы 5280 тоннаны құрайды. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орны ашылады.

     Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында Шиелі ауданында қуаттылығы 1 тонна/тәулігіне сүт өңдеу цехын ашу жоспарлануда.( «Ақмая» ШҚ). Жобаның құны 8 млн.тенге, жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

    Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының  индексі 2015 жылдың маусым айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,1 пайызды (республика бойынша 101,4 пайызды) құрады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізіп отырған мониторингісінің бағаларын жаңадан бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шекті мәндерімен салыстырғанда қой етіне 1,3% және асханалық қызылша 3,5% артты.

    Нарықты молайту жұмыстары көкөніс егіс көлемдерін ұлғайту арқылы және  күріштен басқа өнімдерге төленетін субсидия қаражаттарын көбейту арқылы іске асырылуда.

    Нарықтағы инфляция деңгейін төмендету егін жинау барысында өңірлік тұрақтандыру қорына алынған өнімдерді әлеуметтік сауда дүкендерінде сату арқылы  жүргізілуде.

     2014-2015 жылдары тұрақтандыру қорына 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданып, 1719,5 тонна өнім сатып алынды.

Қалған өнімдерді сатып алу қажеттілікке сәйкес жүргізіліп жатыр.

     Ағымдағы жылы жергілікті тауарөндірушілермен отырған фьючерстік келісім негізінде Жаңақорған ауданының «Сенім», «Жиделі», Шадымхан», «Балдырған» және Қызылорда қаласынан «Үміт»  шаруашылықтарымен 550 тонна картопты 50-55 теңгеден және 100 тонна пияз, 50 тонна сәбізді 45 теңгеден егіп тұрақтандыру қорына өткізу келісіліп,  жұмыстар жасалуда.

     2015 жылдың 10 маусымнан бастап «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нің әріптесі «Кайсар» ЖШС-мен келісім нәтижесінде 13 «Дәмді» атты әлеуметтік-сауда нүктелері арқылы аптасына 60 тоннадан көкөніс өнімдерін нарық бағасынан 20 пайыз төмен бағада сату келісіліп, бүгінге дейін 180 тн көкөніс өнімдері сатылды.

    Облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылға дейін тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және 4 жаңадан белгіленген «ТӨМЕН БАҒА» атты сауда орындары арқылы 9915,5 тонна өнім нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Қала орталығында қосымша 2  көкөніс және балық сататын павильон іске қосылып жұмыс жасауда.

    Жыл басынан бері жергілікті тауар өндірушілермен, кәсіпкерлермен және ӘКК-ның қатысуымен 106 жәрмеңке ұйымдастырылды, сатылған өнім құны 39,4 млн. теңгені  құрады.

     Демалыс күндері облыс орталығында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, басқа күндері көшпелі сауда түрінде қаланың әр мөлтек аудандарында жүргізілуде, өткізілетін орындар: Әбілхайыр хан көшесі (ескі жағажай), Тасбөгет қыстағы, Универсам сауда үйінің маңы.

    Байқоңыр қаласы әкімшілігінің арнайы шақыртуымен жыл басынан бері Байқоңыр қаласында екі рет жәрмеңкелер өткізілді.

     Бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 пайыздан  жоғары емес үстемемен сату жөнінде 41 меморандумға қол қойылды.

     2015 жылдың 20 қаңтардағы жасалған меморандумға сәйкес облысқа 32 706 тонна астық (ұнға есептегенде - 22894 тн) бөлінді. Бұл көлем 2015 жылдың  қыркүйек айына дейін облыс халқының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

 


Ауыл шаруашылығы

 

       Облыс бойынша 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндірісі 10,9 млрд. теңге болды. 

       2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен  8,3 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда  3,7  пайызға артты.

       Өсімдік шаруашылығы

       2015 жылы облыс бойынша аудандармен (қала) берілген ақпаратқа сәйкес 163752 гектарға егiс орналастырылды. Оның ішінде: дәндi дақылдар 86628 гектар, мал азығындық  дақылдар 56044 гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15490 гектар, майлы дақылдар 5590 гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83383 га.

      Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 5,5 мың гектарға артық. Оның ішінде: дәнді дақылдар 352 гектарға кемігенімен, күріш егісі 2,3 мың гектарға, майлы дақылдар 4,7 мың га, мал азығындық дақылдар 3,7 мың га артса, картоп, көкөнiс, бақша дақылдарының егіс көлемі 2,5 га азайған.

      Қазіргі уақытта шаруашылықтар дақылдарды күтіп-баптау және жоңышқа ору жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, барлығы 33131 гектар егісі азотты тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, 48705 гектар арам шөптеріне қарсы гербицидтермен өңделді. Күріш егісін үстеп қоректендіруге және өңдеуге қажетті минералдық тыңайтқыш мен гербицидтер сатып алу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, аудандардан алынған ақпаратқа сәйкес, ору межеленген 32,7 мың га ескі жоңышқаның 26,7 мың га орылып, 35,3 мың тн жоңышқа шөбі жиналды. Орта өнім гектарына 13,2 центнерден келуде.

       Жалпы облыс бойынша 2015 жылғы күзгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынының көлемі 16 мың тоннаны құрайды.

       Тұқым шаруашылығы

     «Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының  мәліметі бойынша  тексеруге түскен 22616 тонна (100%) күріш тұқымының  себу дәрежесіне жетті. Сонымен қатар тексеруге түскен 346,2 тонна жаздық бидай тұқымы, 224,17 тонна жоңышқа тұқымы, 96,74 тонна мақсары тұқымы, 9,3 тонна арпа тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. 

       Бүгінгі күнге дейін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Мағжан и К» ЖШС-і – 4,3 мың тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС-і – 1,2 мын. тонна, «Түгескен ТШ» ЖШС-гі 0,095 мың тонна, « Таң ЛТД» ЖШС-гі 1,3 мың тонна, «Рза Агро» ЖШС-гі- 0,35 мың тонна, -барлығы –  7,2 мың тонна күріш тұқымын сатты.

       Мал шаруашылығы 

       Мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсетілудің нәтижесінде төрт түлік малдың басы біршама өсіп, өнім өндіру тұрақтанып келеді.

       Облыс бойынша 2015 жылдың 1 маусымында 281,3 мың бас мүйізді ірі қара, 749,6 мың бас қой мен ешкі, 96,8 мың бас жылқы, 39,8 мың бас түйе, 3,1 мың бас шошқа және 87,7 мың бас құс өсірілуде.

      Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,8 %-ға, қой 5,3 %-ға, жылқы 8,2 %-ға, түйенің саны 7,5%-ға көбейіп, ет өндіру (тірілей салмақ) 0,4 %-ға, сүт өндіру 1,7 %-ға  және жұмыртқа өндіру 1,8 пайызға өскен.

      Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 421 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылға 75,4 млн. теңге бөлінген. Осыдан қаржылық жоспарға сәйкес 40,8 млн. теңге игерілді, немесе  жылдық жоспар 54,1 %-ға орындалып отыр.

       «Сыбаға» бағдарламасы аясында ағымдағы  жылы 3000 бас аналық сиыр және 100 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу жоспарланған. Осыдан бүгінгі таңда 21 шаруашылық 113,3 млн. теңге несие алып, 642 бас сиыр және 34 бас бұқа сатып алды, немесе жоспар не бәрі 21,4 %-ға ғана орындалды.

       «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 10,0 мың бас қой сатып алу жоспарланса, осыдан бүгінгі күні 8 шаруашылық  54,7 млн. теңге несие алып, 2293 бас  аналық қой, 69 бас қошқар сатып алды, немесе жоспар 23,0 %-ға орындалды.

       «Құлан» бағдарламасы бойынша

       Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 1,0 мың бас жылқы сатып алу жоспарланып, бүгінгі таңда 33 шаруашылық 295,5 млн. теңге несиеге 973 бас бие, 104 айғыр сатып алды, немесе жоспар 97,3 %-ға орындалды.

        Мал тұқымын асылдандыру

      Аймақтың 2015-2016 жылдардағы «Агроөнеркәсіптік кешенін» дамытудың индустриалдық картасына енгізілген құны 4500 млн. теңге тұратын «1200 бастық тауарлы-сүт фермасын» салу жобасы бойынша, жобаның бастамашысымен бірлесе отырып, кепілдікке қойылатын мүліктер қалыптастыру (іздестіру) бойынша жұмыстар жүргізілуде.

       Өңдеу саласы

       Облыс бойынша 5 айдың қорытындысымен статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 10,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,1 % артты.

       Қызылорда қаласында  а.ж. І-ші тоқсанында ЖК «Қалымбетова»  тәулігіне 3 тонна шұжық өңдейтін кәсіпорнын іске қосты,  20 жаңа жұмыс орнымен қамтылып отыр.

       Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне 150 тн күріш ақтайтын зауытты  іске қосты. Жоба бойынша 38 жаңа жұмыс орны ашылды.

      Сонымен қатар, малды сапалы жеммен қамтамасыз ету мақсатында мамыр айының 28-де «Жан-Арай» ЖШС-і мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіру  зауытын және тәулігіне 150 тонна күріш ақтау зауытын іске қосты.

       Аталмыш жобаны өндірісте іске қосқанда құрама жем зауытында 50 және күріш ақтау зауытында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

       Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес азық-түлік тауарларының  индексі 2015 жылдың маусым айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 101,1 пайызды (республика бойынша 101,4 пайызды) құрады.

       Бүгінгі күні қорда 1719,5 тонна өнім сақталып сатылуда: - 773 тонна басты пияз, 457,5 тонна асханалық сәбіз, 81,4 тонна макарон, 276,1 тонна қант, 29,7 тонна тауық еті, 63,4 тонна күріш, 38,5  тонна өсімдік майы.

      Жыл басынан бері жергілікті тауар өндірушілермен, кәсіпкерлермен, ӘКК-ның қатысуымен 106 жәрмеңке ұйымдастырылды, сатылған өнім құны 39,4 млн. теңгені  құрады.

Демалыс күндері облыс орталығында жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрса басқа күндері көшпелі сауда түрінде қаланың әр мөлтек аудандарында жүргізілуде, өткізілетін орындар: Әбілхайыр хан көшесі (ескі жағажай), Тасбөгет қыстағы, Универсам сауда үйінің маңы.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 19-01-2018 17:59

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика