Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРА ТҮСТІ
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2018 жылғы 1 маусымына облыстың халық саны 787,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 348,5 мың (44,2%), ауылдықтар – 439,2 мың (55,8%). 2017 жылғы 1 маусымымен салыстырғанда халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,4%  өскен.  
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырында туылғандар саны 7663 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырына қарағанда 1,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,49 туылғандарды құрады.
Облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 235  адамға немесе 4,1% артып, 5902 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,09 адамды құрады.
Қайтыс болғандар саны 1761 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырына қарағанда 6,8% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,40 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-мамырында облыста 1 жасқа дейінгі 65 нәресте өлімі тіркелді. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 4,4% аз. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,48% құрады.  
Алдын-ала алынған деректер бойынша Қызылорда облысынан  15383 адам кетіп, облысқа 14028  адам келді. 2017 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 5,0% көбейген, ал кеткендер саны 2,0%  азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 16 адам (2017 жылғы қаңтар-мамырында - 8), республиканың басқа облыстарынан 3380 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  3686 адам келген болатын.  
Облыстан 4728 адам немесе жалпы көлемнің 30,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-мамырында тиісінше 6027 адам немесе 38,4% кеткен болатын).
Алыс және жақын  шет елдерге 23, ал 2017 жылдың қаңтар-мамырында 15 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-мамырында 1355 адамға, 2017 жылғы қаңтар-мамырында 2348 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 10632 тұрғыны тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-мамырында - 9661 адам).
Теги: 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика